Ақ
Ауа райы • 11 Наурыз, 2024
- 20 градус. Қазақстанға аяз қайта оралады
«Қазгидромет» РМК 12, 13, 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа температурасы күрт суытады. Кейбір өңірлерде - 20 градус аяз болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 11 Наурыз, 2024
«Қазақ даласының жұпар иісі бар»: 5-сынып оқушысы әтір жасап шығарды
Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова жетекшісімен бірге қазақ даласының хош иісі сақталған әтір шығарды. Оқушыны «Жусанда туған жердің иісі бар» деген қанатты сөз (Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы) шабыттандырған екен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Ораза-2024: Әр өңірдің уақыт кестесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі еліміздің қалалары және елді мекендеріндегі 2024 жылғы Ораза уақытының кестесін жариялады. Әр өңір бойынша ауыз бекіту және ауыз ашу уақыттарында минуттар бойынша айырмашылықтар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2024
«Әйелін өлтірген». Ақмола облысында оқушы қауіпті қылмыскерді жалғыз ұстаған
Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, 15 жастағы Мирас Шаймерденов аса қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстап, ІІМ қызметкерлеріне тапсырған. Өңірдегі полиция басқармасы Мирастың ерлігін елеп, марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Наурыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан ақпараттық агенттігіне сұхбат берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барады. Осы сапар аясында Қ.Тоқаев Әзербайжан елінің Azəri Press Agentliyi ақпарат агенттігінінің өкілі Гаджи Джавадовқа сұхбат берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Наурыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Наурыз, 2024
6 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды
Ақмола полицейлері жоғалған елорда тұрғынын облыс аумағында тапты. Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың хабар-ошарсыз кеткен 40 жастағы тұрғыны орналасқан жерді анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz aqmola_pd инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Әлем • 09 Наурыз, 2024
«Тасбақа жеп, жан тапсырды»: Балалар қайтыс болып, ересектер уланды
Танзания елінің Занзибар аймағындағы Пемба аралында теңіз тасбақасының етін жеген 8 бала көз жұмып, 78 ересек адам уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Наурыз, 2024
Синоптиктер ескертеді: ертең жаңбыр жауып, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қатты жел соғып, жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Жолдамаға бір қадам: Валентина Хальзова әлем чемпионын жеңді
Бірінші айналымды автоматты түрде артқа тастап, доданы 1\8-финалдан бастаған Валентина Хальзова бүгін түрік боксшысымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Наурыз, 2024
9 наурызда сағат 02:26-да Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Наурыз, 2024
Лицензиялық турнир: Наталья Богданованың жарыс жолы сәтті басталды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде алғашқы айқасына шыққан Қазақстан боксшысы қарсыласынан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics-ке сілтеме жасап.
Тұлға • 08 Наурыз, 2024
Белгілі ақын Күләш Ахметоваға Президенттің Құттықтау хаты табысталды
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, белгілі ақын Күләш Ахметоваға Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2024
Ақтауда 73 көпбалалы ана «Күміс алқа» иегері атанды
8 Наурыз мерекесіне орай, Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған іс-шарада қала әкімінің орынбасары Нұртас Сәли мереке иелерін құттықтады. Іс-шарада 73 көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2024
Әйелді құрметтей білген қоғамды өркениетті деп атауға болады - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 07 Наурыз, 2024
Елордалық еріктілер мереке иелеріне қызғалдақ сыйлап жүр
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүл мен шоколадпен қуантып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2024
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Әл Саудты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2024
Шымкент, Семей және Путин: Елімізде балаларға қойылған ерекше есімдер айтылды
Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тіркелген. Оның көбі Ақмола облысында тұрады (7 адам), деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыс • 06 Наурыз, 2024
Белгілі журналист отбасындағы қайғылы жағдайды айтып, Президенттен көмек сұрады
ШҚО-да кісі қолынан қаза тапқан марқұмның туыстары күдіктінің сытылып кетуінен қауіптенеді. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі жазады.
Қаржы • 06 Наурыз, 2024
Қазақстанда кімдерге несие берілмейтіні айтылды
Мәжіліс несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Наурыз, 2024
Депутат Қазақстанда жаңа комитет құруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Бишімбаевты ақтау үшін 1 млн доллар жұмсалғаны рас па?
Әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, ел азаматтарын дүр сілкіндірген резонансты іс төңірегінде шыққан ақпараттар жайлы пікір білдіріп, қоғамды алаңдатып жатқан сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Наурыз, 2024
«Марапатты сатып алу қажет»: оқушылар олимпиадасы әділ өтпей ме?
Әлеуметтік желіде байқаудың марапаттау рәсімі ақылы түрде өтетіні, құны 25 мың теңге тұратыны туралы хабар тарап, ата-аналардың наразылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2024
Қазақстанда киберқылмыспен күрес бойынша дербес қызмет құрылады
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Президентке елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Наурыз, 2024
Оқушылар тірідей жанып кетті: Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қайтыс болды
Ақтөбе облысында жол-көлік апаты бүгін сағат 08:36-да тіркеліп, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Жануарлар • 06 Наурыз, 2024
ШҚО-да манул мысығы фото тұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында сабаншы (манул-дала мысығы) фото тұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2024
Лицензиялық турнир: Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін шаршы алаңға шығатын үш жерлесіміздің жекпе-жегін Қазақстан уақытымен Бокс федерациясының инстаграм арнасының тікелей эфирінен көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
200 мың доллар пара сұраған шенеунік сотта жылады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мақсұт Исахов өткен жылдың жазында қамауға алынған еді. Ол 200 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2024
Біреуі полицей: Есілде көлік ішінен екі адамның мәйіті табылды
Ақмола облысы Есіл қаласында көлік жуу нысанында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.