Қоғам • 21 Сәуір, 2024

Алматы тауларында үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында бір күн бұрын екі ересек адам мен бір бала күндіз Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған, деп жазады Egemen.kz.

Алматы тауларында үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

Олардың танысы құтқарушылардан көмек сұрады.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 20:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы және кинологиялық есебі Алматы облысына туристерді іздеуге шықты.

- 21 сәуірде түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, олар медициналық көмекті қажет етпеді. Таңғы сағат 6 шамасында құтқарушылар оларды тас жолға дейін жеткізiп, көлікпен келген өтініш иесіне тапсырды, - деді ведомстводан.