Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресей Федерациясынан әкелінген 2 700 дана қызанақ тұқымында вирус анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды

Фото: gov.kz

Вируспен залалданған өнімді елорда аумағына әкелуге тыйым салынды, кейін тауар арнайы мамандандырылған пеште жойылды.

«Тұқым иесіне әкімшілік іс қозғалып, 103 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) сол өнімнің тұқымында сақталады. Мамандардың айтуынша, аталған вирус адам денсаулығына қауіп төндірмейді, алайда байланыс арқылы тез тарап, барлық дақылды зақымдайды.  

Одан бөлек, батыс гүл трипсі вирусымен зақымдалған 1 320 дана раушан, хризантема және гипсофила гүлдерінің кескіндері де өртелді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша іс қозғалып, өнім иесі 251 мың теңге айыппұл арқалады.

ш