Қоғам • 21 Сәуір, 2024

Ақмола облысының 95 елді мекенінің тұрғын үйлері су басудан сақталды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысына қарасты үш ауданда апатқа қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Аймақтың 95 елді мекенінде тасқын судың тұрғын үйлерді басуына жол берілмеді, деп хабарлайды Egemen.kz   kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының 95 елді мекенінің тұрғын үйлері су басудан сақталды

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарқайың, Есіл, Целиноград аудандарында тасқынға қарсы шараларға Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, атқарушы органдар, сондай-ақ, волонтерлар мен жергілікті тұрғындардан барлығы 300-ден астам адам және 50 техника жұмылдырылған.

«Облыстың бірқатар жерлерінде су тасқынының қауіпті кезеңі артта қалды. Қосымша күштер мен құралдар Атбасар және Жарқайың аудандарынан орналасқан жерлеріне бағытталды. Облыс бойынша барлығы 95 елді мекенде жеке тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді», деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар