м
Заң мен Тәртіп • 07 Қазан, 2025
«Ауыл аманаты» арқылы бөлінген 13 млрд теңге мақсатсыз жұмсалған
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңге несиесін ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған. Мемлекет қаражатын сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға пайдаланған. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жалғасып келеді. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өткендей, 2026 жылдан бастап әр азамат өзінің электрондық денсаулық паспортына толық қол жеткізе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Қазан, 2025
Қазақстанда қолма-қол ақша жасайтын 81 топ анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
Жаңа заңның нәтижесінде медициналық көмектің сапасы артады
Үкіметте Мемлекет басшысының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 07 Қазан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған Үкіметтің жаңа мүшесі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қазан, 2025
Тұрмысы төмен азаматтарға медициналық көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында келесі жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтарға МӘМС бойынша медициналық көмек берілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 07 Қазан, 2025
Елімізде суару маусымы аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңінің қорытындысы бойынша аппарат кеңесін өткізді. Биылғы суару маусымында ел көлемінде жалпы 11,01 млрд текше метр су алынған, оның 98 пайызы оңтүстік өңірлерге тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Ақмола облысында мемлекеттік бағдарлама қаржысы жымқырылған
ҚР қаржылық мониторинг агенттігі осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 07 Қазан, 2025
Еліміз келер жылдан бастап Германияға жеткізілетін мұнай көлемін 30%-ға ұлғайтпақ. Бұл келісім «ҚазМұнайГаз» ҰК» басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Rosneft Deutschland GmbH компаниясының бас директоры Йоханес Бремер арасындағы кездесу барысында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 07 Қазан, 2025
Елдегі кәсіпорындар жұмыскерлерге 2,2 млрд теңге жалақы төлемеген
Елімізде еңбек инспекторлары жүргізген тексерулер нәтижесінде жалақы берешегі мен заңбұзушылықтардың мыңдаған дерегі анықталды. Қабылданған шаралардың арқасында он мыңдаған азаматтың құқықтары қорғалып, еңбеккерлерге миллиардтаған теңге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Қазан, 2025
ЭЫДҰ зерттеулері: Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша еліміздің білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалып отыр. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 06 Қазан, 2025
Алматы облысында кәсіпкердің кеңсесін тонаған қылмыстық топ ұсталды
Алматы облысы Талғар ауданында жеке кәсіпорын кеңсесіне жасалған ірі ұрлық әшкереленді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Қазан, 2025
«Келешек мектеп» Созақтағы ескі білім ордасының орнын басты
Созақ ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің ескі ғимараты 1961 жылы салынып, 1962 жылдан бері пайдаланылып келген болатын. Уақыт өте келе ғимарат апатты деп танылып, оның орнына Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа, заманауи оқу ордасы салынды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Қазан, 2025
Бірнеше адамды өрт қойып өлтірген күдікті ұсталды
Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында өрт болып, отта қалған үш адамның мәйіті табылған еді. Сол кезде полиция бұл төтенше жағдай емес, қастандық жасалғанға ұқсайды деп жариялағанын Egemen.kz хабарлаған.
Мәдениет • 06 Қазан, 2025
Аида Балаева: Ескерткіш орнату, ең алдымен тәртіп пен жауапкершілік екенін ескеру керек
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аса көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері — Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаға арналған ескерткіштің және жаңа мәдениет үйінің салтанатты ашылуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
11 қылмысты ізін суытпай әшкерелеген жедел уәкіл марапатталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Үздік жедел уәкіл-2025» байқауында Байғанин аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Ырзалы Сағынғалиев бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Ауыр жүк көліктерін бақылайтын автоматты станция
Шымкентте қаланың жол қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын жақсарту үшін тағы бір ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағында алғашқы үш автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылып, толыққанды жұмысын бастамақ, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Қазан, 2025
Жетісайда 106 мың тоннадан астам мақта жиналды
Түркістан облысының оңтүстік аудандарында мақта теру науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ерте көктемнен егістік алқабында еңбек еткен аудан шаруалары үшін жиын-терім науқанының әрбір күні мен сағатын тиімді пайдалану аса маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2025
Азаматтық форум қарсаңында білім және азаматтық қоғам өкілдері ашық диалог өткізді
Қазақстандағы XII Азаматтық форум қарсаңында, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Елімізде жыл соңына дейін 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қазан мен желтоқсан аралығында демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, ел бойынша аптасына бір рет жалпы саны 1619 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Петропавл тұрғыны есірткі таратқаны үшін сотталды
Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Талдықорған қаласына 7 қазанда жылу беріледі
Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға – балабақшаларға, мектептерге, медициналық мекемелерге және басқа да әлеуметтік мекемелерге беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қазан, 2025
Келер оқу жылына арналған оқулықтардың жобасы талқылауға шығарылды
2026–2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының сайтында қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Жамбыл облысы полиция департаментіне жаңа басшы келді
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы болып Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Қазан, 2025
Шорт-тректен әлемдік турдың іріктеуіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Әлемнің үздік шорт-трекшілері 9-12 қазан аралығында сынға түседі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қазан, 2025
Трамп Ақ үйде UFC турнирінің өтетін күнін жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 14 маусымында Ақ үйде тұңғыш рет тарихи UFC турнирі өтетінін жария етті. Бұл күн Трамптың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
«BE WOMAN ASIA — саясаттан тыс алаң»: Форумның ұйымдастырушылар комитеті мәлімдеме жасады
BE WOMAN ASIA форумының ұйымдастырушылар комитеті форум барысында айтылған жекелеген пікірлерге қатысты ресми мәлімдеме жасады. Комитеттің айтуынша, жеке спикердің пікірі форумның, ұйымдастырушылардың немесе қатысушылардың ұстанымын білдірмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Қазан, 2025
Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздесіп, «Қайрат» футбол клубының қақпашысына ректорлық білім беру грантын табыстады, деп жазады Egemen.kz.