Іле
Аймақтар • 28 Қазан, 2023
Шахтадағы апат: Қаза тапқан кеншілердің саны 33-ке жетті
Костенко атындағы шахтадағы өрттен қаза тапқан тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетіледі?
Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қазан, 2023
Костенко атындағы шахтадағы өрттен 32 кенші қаза тапты
Костенко атындағы шахтадағы өрттен қаза тапқан кеншілер саны артты. Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес 32 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қазан, 2023
Шахтадағы өрт: Қаза тапқан кеншілер саны 28-ге жетті, 18 адам әлі табылмады
Костенко атындағы шахтадағы өрттен қаза тапқан тағы жеті адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2023
Президент: Бұл мекеме тарихымыздағы ең нашар компания болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қазан, 2023
Зардап шеккен кеншілердің отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі
Мемлекет басшысы, жер астында қалған кеншілерді құтқару, зардап шеккен және қаза болған азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету – кезек күттірмейтін міндет екенін айтты. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 28 Қазан, 2023
Мәулен Әшімбаев қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында Костенко шахтасында болған төтенше жағдайдан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілеулес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Ауруханадағы кеншілердің жағдайы белгілі болды
Костенко атындағы шахтадағы жарылыс кезінде зардап шеккен 18 адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы өрт: Қаза болғандар саны 16-ға жетті, 31 кенші іздестіріліп жатыр
Костенко шахтасында қаза болғандар саны 16-ға жетті. 31 кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2023
Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды
Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қазан, 2023
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары келесі жылы Астанада өтеді
Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушыларының халықаралық конференцияcында додалы жарыстың спорттық, мәдени бағдарламалары, ресми логотипі мен ұрансөзі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қазан, 2023
Астана әуежайында жолаушы жүктері бірнеше рет тоналған
Әлеуметтік желіде Астана халықаралық әуежайының жүк тиеушілері жолаушылардың жүгін ашып, 27 мың долларға жуық ақша ұрлағаны туралы ақпарат тарады. Әуежайдың ресми өкілі бұл оқиғаны растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 24 Қазан, 2023
Бүлдіршіндердің сөйлеу қабілетін дамытатын арнайы кабинеттер ашылды
Павлодар қаласының балабақшасында сөйлеу қабілетін дамытуға арналған арнайы кабинеттер ашылды. Енді балақайлар замануи интерактивті тақталар мен бизибордтаржы пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды
Бүгін Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті кәсіпкерлерді бопсалап келген Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
«Өрт болған жерге асыққанда, жол бермейтіндер көп кедергі келтіреді» – Манас Қайырханұлы
Бүгін – адамдарға қашанда көмек қолын созуға әзір Құтқарушылар күні. Айтулы мереке қарсаңында олардың жанкешті еңбегін қалай айтсақ та жарасады. Бақсақ бұл күні көбіне өрт сөндіруші-құтқарушылар туралы көп айтылады. Ал өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері тасада қалып қойып жатады. Бұл олқылықтың орнын толтырмасқа болмас деп апат орнына дереу жеткізетін жүргізушінің бірі азаматтық қорғау сержанты Манас Қайырханұлымен әңгімелесіп көрдік.
Өнер • 16 Қазан, 2023
Жасанды интеллект суретшілерді алмастыра ала ма?
Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктері, соның ішінде қылқалам өнері, шығармашылық индустрия ортасында алаңдаушылық туғызып отыр. Қазір нейрожелілер көркем шығармаларды жасаудың жаңа құралы ретінде белсенді қолданылады, оған студенттер де білдей сала иелері де машықтанып алған. Себебі ол арнайы білім беруді қажет етпейді, өнер саласында таза техникалық дағдыларға ие болу қажеттілігінен де арылтады.
Қоғам • 09 Қазан, 2023
Жүргізушілер медициналық куәландырудан онлайн өте алады
Қазақстанда 16 қазаннан бастап автобус және такси жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады. Аталған салаға цифрлық шешімдер енгізілетінін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2023
Азия ойындары: Ескек есушілер жұптық сайыста қоржынға екі күміс салды
Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары ескек есуден жұптық жарыстарда қоржынға екі күміс жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2023
Есірткімен екі облысты қамтыған күдікті ұсталды
Тәртіп сақшылары есірткі затын таратып сатумен шұғылданған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 22 Қыркүйек, 2023
Болат Тілеп жаңа қызметке тағайындалды
Болат Тілеп Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2023
Екі апта хабар-ошарсыз кеткен екі жасөспірім табылды
Жетісу облысында жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі апта бойы жүргізілген. Полицейлер мен еріктілер екі жасөспірімді іздеп тапты, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 19 Қыркүйек, 2023
Өрттен баланы аман алып шыққан азаматтар марапатталды
Көпқабатты тұрғын үй пәтерінде тұтанған өрттен баланы аман алып шыққан Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Қыркүйек, 2023
Президент баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды
Журналист Ержан Байтілес Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 11 Қыркүйек, 2023
Әскери қызметшілер Отбасы күнін атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Отбасы күні мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 04 Қыркүйек, 2023
Бурабайда сілеусін фототұзаққа ілінді
«Бурабай» орман шаруашылығының инспекторы Әділхан Шәймерденов сілеусінді кезіктіргені жайлы хабарлады. Ол мысықтұқымды жануарды смартфонының камерасына да түсіріп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2023
Алматыда Бостандық ауданы Нұрлы шағын ауданындағы жұмыс істемейтін монша кешені өртенді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023
Жүргізушілерді медициналық куәландыру электронды форматқа көшіріледі
Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Республикалық медициналық институт» ЖШС қатысуымен жүргізушілердің психоактивті затты пайдалану фактісі мен мас күйін медициналық куәландыруды электронды форматқа көшіру жөніндегі жобаны іске асырады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 28 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 24 Тамыз, 2023
Мәжіліс депутаты Қарақия ауданында егіншілермен кездесті
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстау облысы Қарақия ауданында егінмен айналысатын шаруа қожалықтары иелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Тамыз, 2023
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде отырыс өтті
Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тамара Дүйсенова аталған ойындарға дайындық бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.