Елорда • 05 Желтоқсан, 2023

Елордада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспалары себіледі

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада көктайғаққа орай, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын және жолдарда көктайғақтың орнауына жол бермес үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елордада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспалары себіледі

Фото: gov.kz

Жауын-шашынның көп түсуіне және температураның өзгеруіне байланысты көшелерде көктайғақ орнайды. Қала тұрғындары қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан көшеде жүргенде өте мұқият болуды сұрады.