Қоғам • 31 Қазан, 2023

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі қашан жарияланады?

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сауалға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жауап берді. Ол Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан кеншілердің толық тізімі 3-4 күнде белгілі болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі қашан жарияланады?

Журналистер министрден қайтыс болған кеншілердің толық тізімі қашан жарияланатынын сұрады.

Сырым Шәріпхановтың сөзіне қарағанда, алдағы 3-4 күнде жарылыс құрбандарының аты-жөндері толық айтылады.

«Қазіргі кезде кейіннен табылған 6 шахтердің аты-жөндерін анықтап жатырмыз. ДНҚ зерттеу жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғана тізімді жариялаймыз. Менің ойымша, бұл 3-4 күн уақытты алады», деп түсіндірді ол.