Аймақтар • 28 Қазан, 2023

Қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды

13326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Костенко атындағы шахтаның директоры қаза болған кеншілердің есімдерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Шахта директоры Сергей Мустивко қайтыс болған және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде қаза тапқан шахтерлердің есімдерін айтты. Олар: 

Мордасов Виталий Анатольевич;

Югай Александр Викторович;

Адампаев Ерболат Мұратұлы;

Петренко Владимир Ильич;

Сайфутдияров Альберт Рифович.

Оның айтуынша, қалған мәйіттерді анықтау әзірге мүмкін емес.

Соңғы мәліметтер бойынша, Костенко атындағы шахтадағы өрттен 33 кенші қайтыс болды, 13 адам іздестіріліп жатыр. Оларды іздеу түнге дейін жалғасады.

Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.