ет
Білім • 05 Маусым, 2024
Америкалық Penn State университетінің делегациясы Қазақстанға келді
Сәтбаев Университеті мен Penn State (Пенсильвания мемлекеттік университеті) өзара келісіп, Қазақстан студенттерінің Пенсильвания мемлекеттік университетінде білім алу шарттарын талқылаудың соңғы кезеңіне өтті. Осы мақсатта Penn State университетінің халықаралық қызметінің академиялық бағытына жауапты Сабина Клэр бастаған үлкен делегация Қазақстанға келді. Бұл университет әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кіреді. Бірінші кезеңде тараптар «3+1+1» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ақтөбеде бөгеттерді жөндеуге 3 млрд теңге жұмсалады
Тасқын кезінде Ақтөбеде 15 бөгет қираған. 12 бөгетті жөндеу 3 млрд теңгеден астам қаражатты қажет етсе, қалған үшеуінің кепілдік мерзімі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 05 Маусым, 2024
«QS World University Rankings 2025»: ЕҰУ Қазақстанның үздік үш университетінің қатарында
«QS World University Rankings 2025» халықаралық рейтингінде ЖОО қызметінің кезекті нәтижелері жарияланды. Биылғы жылы ЕҰУ 34 позицияға жоғарылап, әлемнің 1503 жоғары оқу орындарының арасында 321 орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2024
Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды
Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 05 Маусым, 2024
Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөлінді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-ны одан әрі жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Аталған жұмыс Мемлекет басшысының республикадағы ТКШ инфрақұрылымын кешенді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде атқарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 05 Маусым, 2024
Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады?
«Қазгидромет» РМК мамандары маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Маусым, 2024
43 градус ыстық: Синоптиктер аптап ыстық болатын өңірлерді атады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Маусым, 2024
«Әділетті Қазақстан» ұлтты ұйыстыратын идеяға айналды - Ерлан Қарин
Дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берді. «Әділдік» деген ауқымды ұғым осы идеологияның арқауына, ал «Әділетті Қазақстан» деген түсінік мемлекет бағдарының басты идеологемасына айналды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің Egemen.kz сайтында жарық көрген мақаласында «Әділетті Қазақстанның» мәні неде екенін ашып жазды.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Жаңа идеологиялық тұғырнама басты бес тұжырымға негізделген
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Egemen Qazaqstan» газетінде «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» мақаласы жарияланды. Аталған мақаланың «Жаңа идеологиялық тұғырнама» тақырыпшасында Президенттің 2019 жылдан бері дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан, идеологиялық сипаты «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында көрініс тапқан саясаты басты бес тұжырымға негізделгенін, Президент оның әрқайсысын әртүрлі кезеңде ұсынып, саяси өмірге біртіндеп енгізіп келе жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел алаяқ болып шықты
Жетісу облысының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады. Ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып азаматтарды қайтарымсыз кредит, субсидия алып беремін деген желеумен алдап келген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Энергетикалық сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды
Енді энергетикалық сусындарды 21-ден асқандар ғана сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Маусым, 2024
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойнауға тыйым салынады
Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Маусым, 2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ермек Кенжеханұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Тасқын: Атырау маңындағы бөгеттің бір бөлігін су шайып кетті
Судың қатты ағысы салдарынан Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылы тұсындағы жағалау бөгетінің 100 метрге жуық аумағын ағын су шайып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың ТЖ жөніндегі штаб мәліметіне сілтеме жасап.
Заң • 05 Маусым, 2024
«Вилла, кен орындары, ақша». Заңсыз шетел асқан активтер қазынаға қайтарылды
Президент пәрменімен елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару ісі жалғасып жатыр. Бас прокуратура тапсырманы орындау барысында атқарылған шараның біршамасын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Маусым, 2024
Қоғамдық этиканы жаңартпай, әділетті қоғам құру мүмкін емес - Ерлан Қарин
«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты көлемді мақаласы жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Маусым, 2024
38 градус ыстық: Кей өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер Қазақстанның кей өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Маусым, 2024
Сенатта республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қаралды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 04 Маусым, 2024
Мемлекеттік құпияны жария еткен ҚМА қызметкеріне сот үкімі шықты
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мемлекеттік құпияларды заңсыз жария етіп келген азамат К.-ны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2024
Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай әлеуметтік желілерде құттықтау жазбасын қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Маусым, 2024
Қазақстанда 4 баласы бар әрбір отбасыға 12,8 миллион теңге төленеді - Үкімет
Ұлттық статистика бюросы кейінгі жылдары Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендегенін мәлімдеді. Осыған орай депутаттар демографиялық өсімді құлдыратпау мақсатында Үкіметке бірнеше ұсыныс жолдаған еді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Маусым, 2024
Қайрат Боранбаев қызметке қайта келді
Паралимпиадалық федерациялар өкілдері шешімімен Қайрат Боранбаевтың кандидатурасы бірауыздан бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2024
Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған еді. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 03 Маусым, 2024
Елімізде электр энергиясын сақтау жүйесі пайда болады
ҚР Энергетика министрлігі электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тәртібіне қосымша енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2024
Жайық өзенінде 1,2 метр түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр
Өр суы мол келуіне байланысты, Жайықтың су өткізу қабілетін арттыру мақсатында өзеннің Каспий теңізіне құяр сағасының 48,9 шақырымнан бастап 50,5 шақырымына дейін түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Маусым, 2024
Қоймаларға 75 млрд текше метр су жиналды
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінен белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2024
Қызылордада екі оқушы суға батып кетті
Қызылордада Сырдария өзеніне шомылуға барған екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Маусым, 2024
Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Қазақстан Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Қайратұлы Кәрімов ведомствоның аппарат жетекшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Маусым, 2024
«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды
«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды. Сот шешімімен оған 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2024
Тасқын: Атыраулықтар әскерилер мен ТЖ қызметкерлерін шығарып салды
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың қатысуымен Атырау облысында төтенше жағдай жарияланған кезде жаға бекіту, бөгет нығайту жұмыстарына көмекке келген әскерилер мен төтенше жағдайлар қызметкерлерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.