Аймақтар • 05 Шілде, 2024

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы мектеп құрылысымен танысты

88 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Юлия Кучинская, Наталья Дементьева Көкшетауда 1500 орынға арналған мектеп құрылысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы мектеп құрылысымен танысты

Фото: Мәжіліс

Сарыарқа шағын ауданындағы жаңа мектеп «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынып жатыр.

«Біздің ауданда көпбалалы отбасылар саны басым, ал 17-ші мектепте оқушылар сыныптарда қысылып отыруға мәжбүр. Менің екі балам бар, бірақ үлкенім бірінші сыныпқа тек келесі жылы барады. Сондықтан біз жаңа мектепті асыға күтеміз», дейді жергілікті тұрғын Самал Сапарбаева.

Айна Мысырәлімова еліміздегі демографиялық өсім қарқыны білім беру жүйесіне күш салатынын ескеріп, бұл ретте мектептердегі орын тапшылығы ең өзекті мәселелердің бірі екенін айтты.

«Көкшетау қаласындағы халық саны миграция есебінен де, туу көрсеткішінің артуынан да өсіп жатқаны қуантады. Биліктің міндеті – қолайлы өмір сүру жағдайын жасау, бұл әсіресе балаларға қатысты. Сондықтан біздің сайлауалды бағдарламамыз мектептер мен балабақшалар салуды көздейді. Мердігер осы мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беретінін айтты», деді Айна Мысырәлімова.

Депутат Юлия Кучинская бүгінде мемлекет білім беру саласындағы кадр тапшылығын азайту және жастарды педагог мамандығына тарту бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды.

«Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Соңғы бірнеше жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Президент депутаттар әзірлеген ғылым және білім мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Басқа мәселелермен қатар, заңда белгілі бір дәрежелері мен ғылыми атақтары бар педагогтерге ай сайынғы үстемеақы төлеу қарастырылған. Бұл мұғалімдерді ынталандыратын шешімдердің бірі», деді Юлия Кучинская. 

аа

Айта кетейік, былтыр Ақмола облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 1245 орынға арналған 16 балабақша, 3512 орынға есептелген 5 мектеп ашылды. Жалпы алғанда, 2027 жылға дейін өңірде 39 мектеп салу, сондай-ақ 82 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.