Жастар • 05 Шілде, 2024

Кәсіпкер оқушы 2 адамды жұмыспен қамтып отыр

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісулық 9-сынып оқушысы Айсұлтан Сапиев гипстен қазаққа қажетті бұйымдар жасап, саудаға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкер оқушы 2 адамды жұмыспен қамтып отыр

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде тілші Мұхтар Күмісбектің «Кәсіпкер оқушы» мақаласы жарияланды. Автордың жазуынша 9-сынып оқушысы әу баста қарапайым гипс ұнтағына зерттеу жасап көрген. Ақыры, гипс­тен қыш ыдысқа ұқсас тойбастар қобдишаларын, ақша салатын жәшік, түрлі-түсті қорап бұйым­дарын жасап шыққан. Аталған заттар тойларда үлкен сұранысқа ие болған.

«Ең қызығы сол, жас та болса бас болған жас кәсіпкер екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Оларға табыстың белгілі бір пайызын төлейді», деп жазады автор.

Мақалада талапшыл өреннің аталған іспен айналысуына идея қайдан келгені туралы да айтылады.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.