Ақтау
Экология • 28 Ақпан, 2024
Каспий теңізінің жағалауы тайызданып барады (видео)
Ақтау блогері Нұркен Тәжібай өзінің Instagram парақшасында Каспий теңізінің тайыз жағалауын түсірген видеоны жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 27 Ақпан, 2024
Ауылдарда медицина объектілерінің құрылысы кешіктіріліп жатыр. Мәселе Үкіметте қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
«Құны 10 миллион теңге». Полиция қызметкерлері үнді марихуанасын тәркіледі
Жамбыл облысында құны 10 млн теңгені құрайтын үнді марихуанасы тәркіленді. «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жасар тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАзот» өнімі алғаш рет Ақтау порты арқылы әлемдік нарыққа шығарылды
13 ақпан күні «ҚазАзот» зауыты өнімінің жөнелтілімі алғаш рет Каспий теңізі және Әзербайжан аумағындағы Говсан порты арқылы Грузиядағы Батуми теңіз портында ауыстырып тиеумен жүзеге асырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жергілікті жерде өндірілген аммиак селитрасы көлік-логистикалық тізбек нәтижесінде бүкіл әлем бойынша соңғы тұтынушыларға жөнелтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық Коммуникация орталығы «КазАзот» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
Президент жаңа Денсаулық сақтау министрін тағайындады
Бұл қызметке Ақмарал Әлназарова тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Ақтауда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады
Ақтауда биыл аутистік спектрі бұзылған және ментальдық дамуы тежелген балаларға арналған оңалту орталығы ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2024
Осы жылы әскери қызметшілердің жалақысы 30 пайызға артады
Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен барған Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев биыл әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетінде қандай өзгерістер болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2024
Ақтауда қырылған аққулар саны 600-ден асты
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында 601 аққудың қырылғанын растады. Мамандар аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болуы мүмкін екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Былтыр елімізде қанша сәби дүние есігін ашты?
Былтыр босандыру қызметінің мамандары 388 мың босануды сәтті өткізіп, 390 мың сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2023
Ақтауда қатты желден балабақшаның шатыры ұшып кетті
28 желтоқсан күні Ақтауда екпінді жел тұрып, салдарынан қаладағы №3 шағын ауданда орналасқан балабақшаның шатыры ұшып кетті. Шатыр ғимаратқа жақын тұрған 6 автокөлікке зақым келтірген. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Каспий жағалауында қалып қойған қоқиқазды Алматы зоопаркі асырайтын болды
Бұл жаңалықпен үйінде үйірінен адасып қалған екі қоқиқазды (фламингоны) уақытша асырап отырған ақтаулық Азамат Сәрсенбаев блогында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Ақтауда балабақша тәрбиешісі бір жасар баланы ұрған (видео)
Ақтаудағы балабақшалардың бірінде кішкентай қызды соққыға жыққан тәрбиеші тергеуге алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Еліміздің барлық өңірінде қызылша ауруы өршіп тұр
Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі, негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі. Бұл туралы 6 желтоқсанда ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2023
«Жер сілкінгенін сездік». Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «SOME» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақыты бойынша 10 сағат 15 минут 40 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
«Бұл қандай дәстүр?». Бесікті ат қылып мінген әйелдің әрекетіне жұртшылық дауласып қалды (видео)
Той үстіндегі бұл әрекет Ақтаудағы бесік тойлардың бірінде болған. Бесіктің үстіне мініп, аттай қамшылаған ақтаулық апаны жұртшылық сынап тастады. Пікір алаңында оның бұл әрекетін жақтаушы да, даттаушы да табылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
«Тәңір көрпесі»: Ақтау аспанында ерекше бұлт массасы пайда болды
Бүгін Ақтау аспанында айрықша бұлт пайда болды. Бұлттар қала төбесінен едәуір жақын көрініп, тұрғындарды таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 20 Қараша, 2023
Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы әшкереленді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Қараша, 2023
Қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі - балалар
Денсаулық сақтау министрі ел азаматтарын қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Ақтаудағы балалар өлімі: вице-министр пікір білдірді
Ақтауда жәндіктерді улаймын деп көрші үйдегі 2 баланың өліміне себепші болған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Орталық басқару орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова тұрғын үйлерде дезинфекция құралдарын пайдалану мәселесі заңмен реттелмегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Қазан, 2023
Үкімет мүшелері қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада орын алған өртке қатысты жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Ауруханадағы кеншілердің жағдайы белгілі болды
Костенко атындағы шахтадағы жарылыс кезінде зардап шеккен 18 адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат себебін арнайы комиссия анықтайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дін • 29 Қыркүйек, 2023
Халықаралық іздеуде жүрген деструктивті–діни ағымның жақтаушылары ұсталды
Бұл туралы Polisia.kz телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2023
Ақтау теңіз порты халықаралық мәртебеге ие болды
Ақтау теңіз сауда портына халықаралық мәртебе берілді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2023
Ақтау қаласының әкімі тағайындалды
Бүгін, 20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына өз еркімен қызметінен кеткен Ербол Ізбергеновтің орнына қала әкімі қызметіне жаңа кандидатты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 05 Қыркүйек, 2023
Майдангер Мұқыр Ниязұлының құрметіне аудитория ашылды
Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде екінші дүниежүзілік, жапон және корей соғыстарының ардагері Мұқыр Ниязұлына арналған оқу аудиториясы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2023
Ақтауда балалар отырған аттракцион тоқтап қалды
Ақтауда аттракцион тоқтап, балалар төмен салбыраған күйі қалып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Тамыз, 2023
Еліміздің бес қаласында ауа ластанады
«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша 23 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауаның ластануы жоғарылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасында болған апаттың себептері жан-жақты тексеріледі
18 тамызда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында болған жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
Таразда жаңа тазарту қондырғыларының құрылысы басталады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Тараз қаласының сарқынды суларды сүзу алаңдарының жай-жапсарымен және жаңа кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салуға дайындық жұмыстарымен танысып, сондай-ақ жаңа облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.