ANTIKOR • 20 Қараша, 2023

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы әшкереленді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Фото: Egemen.kz

Антикор хабарламасында: «Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді», делінген.

Сот санкциясымен күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.