ҚС
Оқиға • Бүгін, 16:09
Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданына мэр болып сайланды
33 жастағы қазақстандық Санжар Әбішев Лондонның тарихи орталығында орналасқан беделді Сент-Джеймс (St. James's) ауданының мэрі болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 15:50
ОПЕК-тегі өзгерістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ОПЕК-тегі өзгерістер мен мұнай нарығындағы жағдайдың Қазақстан экономикасына әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • Бүгін, 14:50
Қазақстан әскери мақсаттағы дрон өндірісін қаншалықты жолға қойды?
Заманауи соғыс тәсілдері өзгеріп, дрондар қосымша құрал ғана емес, әскери операциялардың ажырамас бөлігіне айналғаны мәлім. Соңғы жылдары Қазақстан ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамытуға айрықша мән бере бастады. Осы орайда әскери мақсаттағы дрон өндірісін жолға қою, оны жүйелі түрде дамыту және отандық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шыға бастады. Әскердегі ұшқышсыз жүйелердің нақты мүмкіндіктері мен оларды даярлау ісі қалай ұйымдастырылған? Қазақстан бұл бағытта қандай деңгейге жетті?
Үкімет • Бүгін, 12:17
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президент туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заңнамалық өзгерістерге сәйкес, еліміздің Үкіметі биыл жаңа құрамдағы Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 09:51
Мәжіліс депутаттары «Президент туралы» конституциялық заңды бірінші оқылымда қабылдады
Парламенттің қарауына Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-президентінің құқықтық жағдайын айқындайтын «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 09:25
8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
8 мамыр күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • Кеше
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Қазақстан әскері әлемдік әскери қуат рейтингі – Global Firepower 2026 бойынша 145 елдің ішінде 58-орынға жайғасты. Сарапшылар елдің әскер санын, техникасын, авиациясын, қаржылық мүмкіндігін және мобилизациялық ресурсын ескерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • Кеше
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Венецияда 61-ші халықаралық өнер биенналесі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны ашылды. Көрмеде еліміз «Қоңыр: Тыныштық архиві» атты жобаны таныстырып, руханият, мәдени мұра мен тарихи жады тақырыптарын заманауи өнер арқылы көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2026
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
2026 жылдың мамырында жаһандық интернет кеңістігінде күтпеген мәдени үрдіс пайда болды. X (Twitter) платформасындағы @ciscaucasian қолданушысының бір жазбасы Қазақстанға деген ерекше қызығушылықты тудырып, елді Батыс аудиториясы үшін жаңа мәдени феномен ретінде танытты. «Жапонияға қызығушылық мейнстримге айналғандықтан, енді назар Қазақстанға ауысты» деген пікір қысқа уақыт ішінде кең таралып, миллиондаған қаралым жинады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2026
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ерлер санына қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2026
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қазақстанда қыста автокөлікті ұзақ уақыт қыздыруға салынған уақытша шектеулер өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2026
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Мереке қарсаңында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсына 5 млн теңгеден төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2026
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ішкі істер министрлігіне шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды екені туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2026
Жеке деректеріңіз таралып кетті ме? Енді оны арнайы тізілім арқылы тексеруге болады
Қазақстан азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа заңнамалық түзетулерді әзірлеп жатыр. Бұл өзгерістер дербес деректердің қорғалуына қатысты конституциялық нормаларды нақтылай түсуді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2026
Парламентте Халық кеңесі туралы заң жобасы қаралады
Бүгін Парламент қарауына «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты
Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша елімізде сегіз жылу электр орталығы тәуекел аймағынан шықты. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 05 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 13,2 млрд долларға жетті
Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытаймен сауда көлемі жағынан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
5 мамырда Астанада және еліміздің 17 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2026
Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихта алғаш рет 1/8 финалға шықты. Енді ұлттық құрама ширек финал жолдамасы үшін шешуші кезеңде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2026
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?
Елімізде биыл 83 соғыс ардагері мемлекеттік төлем алады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне АҚШ азаматы басшы болып тағайындалды
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас атқарушы директоры болып АҚШ азаматы Майкл Дэниел тағайындалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2026
Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияны 6:0 есебімен ойсырата жеңді
Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 04 Мамыр, 2026
Жүк көлігімен Қазақстанға заңсыз адам тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды
Павлодар облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған жасырын арна анықталып, полиция тарапынан тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Мамыр, 2026
Қазақстан мұнай өндірісін тағы арттырады: OPEC+ жаңа келісімге келді
OPEC+ құрамындағы жеті мемлекет маусым айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді. Бұл шешімге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдері қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Мамыр, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 2026 жылғы 4 мамырда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Мамыр, 2026
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия Кубогінде Қазақстан құрамасы айтарлықтай табысқа жетті. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы бәсекеде отандастарымыз 4 медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Мамыр, 2026
Нөсер жаңбыр, дауыл және үсік: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 3 мамыр күні ел аумағында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. «Қазгидромет» республика аумағы бойынша ескерту жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 02 Мамыр, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздегі 185 Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 01 Мамыр, 2026
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды. Федерация мәліметінше, жаңа жиынтықты Adidas компаниясы UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында дайындаған, деп жазады Egemen.kz.