зейнет
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қатысты минималды жеткілікті шегін анықтау әдістемесін қайта қарау жоспарланып отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 27 Сәуір, 2026
Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
«Ашық НҚА» порталында зейнетақы жинақтарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) мерзімінен бұрын алу үшін минималды жеткіліктілік шектерін көтеруді көздейтін Үкімет қаулысының жобасы бойынша қоғамдық талқылау аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2026
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Алматыда қарт әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның бұрын да ауыр қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда аялдамада қарт әйелге шабуыл жасаған күдікті жедел ұсталды. Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жәбірленушінің қызы жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Сәуір, 2026
Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға қатаң талаптар қойылды
Қазақстанда азаматтар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігіне ие. Бұл тәжірибе бойынша Ұлттық банк өкілдері қауіпсіздік деңгейі мен тәуекелдер туралы түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 22 Сәуір, 2026
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткілікті шектерін арттыру туралы шешім алдағы мамыр айында қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 21 Сәуір, 2026
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Қазақстанда 40 жыл еңбек өтілі болған жағдайда азаматтарға зейнетке шығу құқығын беру туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 16 Сәуір, 2026
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері көбейіп келеді. Азаматтарға емханаға барғаннан немесе дәрігер қабылдауына жазылғаннан кейін күмәнді қоңыраулар түсе бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткілікті шекті есептеу тәртібі өзгертіледі. Жаңа тәсілге сәйкес, енді азаматтың жинақтары алынғаннан кейін олардың өмірінің соңына дейін ай сайынғы төлемдерге жетуі тексерілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
«Несие беруден бас тартты»: Банк қызметкері зейнеткерлердің ақшасын өз шотына аударып отырған
Қарағанды облысының Осакаров ауданында бұрынғы банк менеджеріне қатысты алаяқтық фактісі анықталды. Күдікті зейнеткерлердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына несие рәсімдеген деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне негізделуі мүмкін. Сенатор Амангелді Нұғманов жасқа байланысты емес, еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл қадам елдегі әлеуметтік саясатты жаңғыртып, еңбекке ынталандыруды күшейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?
Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралған зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу туралы мәлімет шындыққа сәйкеспейді. Аталған ақпаратты ресми органдар жоққа шығарып, оның жалған екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты енгізілгелі отырған екі негізгі түзетудің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін тағы да 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2026
Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
Павлодар қаласында зейнеткерге жасалған телефон арқылы алаяқтық әрекетінің жолы кесілді. Белгісіз біреулер зейнеткер әйелге қоңырау шалып, өздерін домофон қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, құрылғыны ауыстыру үшін СМС-кодты хабарлау керегін айтқан. Зейнеткер кодты айтып қойған, алайда кейінгі қоңырауда алаяқтардың рұқсатсыз деректерге кіргендері анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Таразда 2500-ден астам адамның зейнетақы жарнасы төленбей келген
Жамбыл облысында прокурорлар еңбек және зейнетақы заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру барысында 2 515 азаматтың құқықтарының бұзылғанын анықтады. Қадағалау актілерінің нәтижесінде жалпы сомасы 300 млн теңге зейнетақы жарналары толық өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді
2028 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қайтадан кезең-кезеңімен ұлғая бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 02 Наурыз, 2026
«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы қаражатымен өтеуге өтінім қабылдауды қайта бастады
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының артық қаражатын тұрғын үй несиесін жабуға бағыттай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2026
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Америкалық «U.S. News & World Report» басылымының сарапшылары зейнеткерлік демалыста өмір сүруге ең қолайлы елдердің кезекті рейтингін жариялады. Осы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында 77-орынға жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 395,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 131,3 млрд теңге – базалық зейнетақыға, 263,9 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға жұмсалды. Биылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетті. Бұл – мемлекет үшін әлеуметтік міндеттемелердің ауқымы кең екенін аңғартатын көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?
Зейнет жасына таяған азаматтар үшін ең өзекті сұрақтың бірі – зейнетақы жинақтарын уақтылы және дұрыс рәсімдеу. Әлеуметтік кодексте бекітілген талаптарға сәйкес, кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы жүзеге асырылады. Бұл төлемдер зейнет жасына жеткендерге, сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар азаматтарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 27 Қаңтар, 2026
Зейнеткерлер «Қысқы шабыт» көрмесін ұйымдастырды
Елорданың Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қысқы шабыт» атты арт-терапия үйірмесінің көрмесі ашылды. Экспозицияда үйірме қатысушыларының қыс мезгіліне арналған көркем және қолданбалы өнер туындылары ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді
2026 жылғы 25 қаңтарда кешкі сағат 18:10 шамасында учаскелік полиция пунктінің алдында құқық қорғау органдарына тиесілі екі қызметтік көлік лаулап өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Елдегі ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10%-ға артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға пайдалану тәртібі өзгертілді
Елімізде зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану тәртібі жаңартылды. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 13 қаңтарда қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Үйсіз-күйсіз қалды: Павлодарлық зейнеткер алаяқтардың арбауымен баспанасын сатып жіберген
67 жастағы әжей алаяқтардың арбауымен үйін сатып, депозиттегі ақшасын шешіп, тіпті өз атына несие ресімдеген. Барлық қаражатты түгін қалдырмай көрсетілген шотқа аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?
Биыл зейнет жасын қайта қарау туралы ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды
«Отбасы банктің» баспасөз қызметі 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бірыңғай зейнатақы жинақтары (БЗЖ) есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасаған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын шығарып алудың жаңа тәсілін тапты
2025 жылдың желтоқсанында елімізде емделуге арналған зейнетақы қаражатын алу күрт көбейді. Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, бір айдың ішінде радиохирургияға, соның ішінде гамма-пышақ пен киберпышақ арқылы қатерлі ісікті емдеуге бағытталған 7 154 өтінім орындалған. Жалпы төлем көлемі 5,6 млрд теңгеге жуықтады, деп жазады Egemen.kz.