Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
Агенттік мәліметінше, зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылып отырған.
Аталған көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстаған.
Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған.
Олардың қатысуымен жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.
Зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым салынды
Қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, сондай-ақ жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.
Аталған факті бойынша 11 күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынып, тағы үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады
Сонымен қатар, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген. Бұл санаттағы дәрігерлердің күдіктілерден алған қаражатының жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.
Аталған фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Агенттік өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейтінін де мәлімдеді.