зал
Қоғам • Кеше
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Жасанды интеллект • 09 Маусым, 2026
«Астана Тазалық»: Цифрлық трансформация өндіріс тиімділігін қалай өзгертті?
Қаланың тазалығы мен қысқы-көктемгі күрделі кезеңдердегі жол қауіпсіздігі тікелей коммуналдық қызмет жұмысына байланысты. Соңғы жылдары «Астана Тазалық» ЖШС тек техникалық базаны ғана емес, басқару жүйесін де түбегейлі жаңартып келеді. Цифрландыру арқылы еңбек тәртібі күшейіп, шығындар азайып, процестердің ашықтығы артқан. Egemen.kz тілшісі кәсіпорын енгізген жаңа технологиялар мен олардың нақты нәтижелерін зерделеп көрді.
Банк • 05 Маусым, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 17,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім кезекті болжамды раундтың нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдері теңгерімінің жаңартылған бағалауына сүйеніп қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 04 Маусым, 2026
Астанада өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген студенттер жалақы алады
Елордадағы «Астана Тазалық» кәсіпорны болашақ мамандарды өндірістік ортада даярлаудың тиімді үлгісін көрсетіп отыр. Мұнда өндірістік практикадан өтіп жүрген колледж студенттері тек тәжірибе жинақтап қана қоймай, ай сайын шамамен 150 мың теңге көлемінде жалақы алады. Egemen.kz тілшісі кәсіпорынның техникалық базасына барып, студенттердің жұмысымен танысып, олардың күнделікті атқарып жүрген міндеттерін көріп қайтты.
Қоғам • 28 Мамыр, 2026
Абзал Құспан: Батыс жұртшылығы мұнайдың зардабын тартып отыр
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан заң жобасының авторы Еділ Жаңбыршинге мұнай компанияларына тексеріс жүргізу, осы мәселеге қатысты Экологиялық және Кәсіпкерлік кодекстердегі қарама-қайшылықтар жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Мамыр, 2026
«Жұмыстың қарқыны сын көтермейді»: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы-1 вокзалының реконструкциясын сынға алды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-1» вокзалының былтыр наурыз айында басталған қайта жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 15 Мамыр, 2026
Команданы Чемпиондар лигасының ширек финалына жеткізген бас бапкер «Қайраттан» неге кетті?
«Қайрат» футзал клубының басшылығы Қазақстан чемпионатындағы сәтсіз ойындар сериясынан кейін кадрлық шешімдер қабылдай бастады. Клуб бразилиялық бапкер Даниэль Жуниормен келісімді бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Мамыр, 2026
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның футзалдан жаңартылған әлемдік рейтингінде өз позициясын нығайтты. Енді біздің команда әлемдегі ең мықты ондықтың 8-сатысына жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Мамыр, 2026
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Астанада LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толық көлемде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Абай облысына жұмыс сапары аясында бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Аягөз қаласындағы вокзал құрылысының барысымен танысты. 1930 жылы салынған вокзал техникалық тексерудің қорытындысы бойынша мамандар тарапынан апатты деп танылды. Ескі вокзал орнында қазір жаңа заманауи ғимарат салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Осылайша бұл көрсеткіш өткен жылдың қазан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келешек мектептері • 17 Сәуір, 2026
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Келешек мектептері» жобасына қатысатын 7-8 сынып оқушылары арасында өткен футзалдан республикалық турнир мәресіне жетті. Ауқымды жарыс Ұлттық мектеп лигасының ресми ашылуымен тұспа-тұс келіп, үлкен спорт мерекесіне ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Сәуір, 2026
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады
Астана қалалық полиция департаменті елордада қоғамдық орындар ластануының алдын алу және жолын кесу жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорданың коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Наурыз, 2026
Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақ ала жүгірді
28 наурыз күні Атырау қаласындағы теміржол вокзалында қалааралық такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2026
Елімізде 124 теміржол вокзалы жөндеуден өтеді
Елімізде теміржол вокзалдарын реконструкциялау және модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және модернизациялау кешенді жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 03 Наурыз, 2026
Астанада қар тазалауға 1 748 техника шықты
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін, даңғылдар мен тұрғын алаптарын қар мен мұздан тазарту шаралары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің спорттық мансабындағы төртінші олимпиада болды. Жылдар бойы төртжылдықтың басты бәсекесінің іріктеулерінен іркілмей өтіп, ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан спортшы Миланда 1000 метр, аралас эстафета және 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?
Қызылорда облысындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары мен Талап платформасында құрылыс-монтаж жұмыстары 99%-ға орындалған. Нысандарда қазір соңғы әрлеу, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 19 Ақпан, 2026
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Мемлекет басшысы еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазіргі таңда қоғамда жаңа Конституция жобасының маңызы мен ықпалы жөнінде пікірлер қызу талқыланып жатыр. Осы орайда заңгер әрі депутат Абзал Құспан Egemen.kz тілшісіне берген сұхбатында жобаның мән-маңызын түсіндірді.
Қысқы спорт • 19 Ақпан, 2026
Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады
Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте 7-ші орынға табан тіреді. Осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір отандасымыз Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финалда аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы өтті. Бұл сында Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша бәсекеге түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін ел атлеттері 3 спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Өткен жылы Сәтбаев қаласында қоқыс шығару бойынша біраз мәселе туындаған. Биыл 1 қаңтардан бастап қоқыс жинаумен айналысқан «Сәт-Тазалық» компаниясымен келісімшарт тоқтатылды. Жаңа мердігер – «Ұлытау эко сервис» анықталды. Компания бірден жұмысқа кірісіп, күшейтілген режимде қызмет көрсетуге кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Ақтөбеде сурдофутзалдан Қазақстан чемпионаты өтті
Ақтөбе қаласында жақында пайдалануға берілген «Қуат» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдофутзалдан ел чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің 15 өңірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Бір аптаға жуық созылған командалық кездесулерде Қарағанды облысының сурдо футболшылары чемпион атанса, Жетісу мен Қостанай облысының спортшылары күміс және қола медальдар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Қаңтар, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды
Елімізде баға өсімі әлі де жоғары болғандықтан, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Ол жылдық 18% деңгейінде сақталып отыр. Бұл шешім инфляцияны тежеу үшін ақша-кредит саясатын қатаң ұстау қажет деген ұстанымға негізделген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер келді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты. Бұған дейін команданы басқарған бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 09 Қаңтар, 2026
Қыс басталғалы Астанадан 2 млн текше метрден астам қар шығарылды
Елордада коммуналдық қызметтер қыс мезгілі басталғалы бері тәулік бойғы күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Боран мен қолайсыз ауа райына қарамастан, қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Елімізде 124 вокзал жаңартылып жатыр
Облыс орталықтары, шағын қалалар мен елді мекендерде орналасқан 124 вокзал бір уақытта жаңартылып жатыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл тізімдегі вокзалдар кеңес дәуіріне дейін немесе кеңестік кезеңде салынып, 30–40 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген, деп жазады Egemen.kz.