Кино • 12 Ақпан, 2025
Алтынай НӨГЕРБЕК: «Netflix» жобасы – фильмографиямдағы тың тәжірибе
Отандық әртістердің әлемдік өнер кеңістігінде мойындалып жатқаны қуантады. Әсіресе кейінгі жылдары кино мен театр саласында сүйіншілейтін жаңалық мол. Соның бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса Алтынай Нөгербектің «Netflix» жобасы аясында Испания мемлекетінде түсірілген ауқымды тарихи туындыға қатысуы дер едік. Күні кеше ғана кәрі кұрлықтан шығармашылық мол тәжірибе һәм тұшымды жаңалықтарымен елге оралған өнер иесін әңгімеге тарттық.
Кино • 05 Ақпан, 2025
Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына биыл тура 55 жыл толады екен. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де көрерменін әлі күнге дейін экран алдында тапжылтпай ұстайтын туындының өн бойында тілмен айтып жеткізгісіз бір тылсым күш бар ма дерсің? Себебі қанша мәрте қайталап көрсең, сонша мәрте жан дүниеңді әлемтапырық күйге бөлейтін фильмнің әсерін құбылыс демесең, қиянат болатындай.
Мәдениет • 24 Қаңтар, 2025
Отандық анимация: балаларды қалай қызықтырамыз?
Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысының түсірілгеніне биыл тура 58 жыл толады екен. Бірақ неге екен, әлі күнге дейін ұлттық балалар анимациясы десе, айналып келіп осы фильмге орала береміз. Сонда алғашқы қазақ мультфильмі таспаланғаннан бергі арадағы алпыс жылда ел аузынан түспейтін, талай буынды тәрбиелеген айтулы туындыға татитын қазақ балалар анимациясы түсірілмеген бе?
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2025
«Құлыным менің» – құндылық қайнары
Замана тақырыбын жазу өте қиын. Замандас бейнесін жасау одан да күрделі. Ал драманың әдебиеттің бір төл баласы екендігін ескерсек, бүгінде шығармада заманауи кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы – кезек күттірмейтін мәселелер қатарында.
Мирас • 23 Қаңтар, 2025
Биыл Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің 90 жылдық мерейтойы. Осыған орай музейдің бай тарихы мен көпқырлы қызметін айшықтайтын кең ауқымды бағдарлама әзірленді.
Театр • 17 Қаңтар, 2025
Драматургияда тарихи тақырып игерілмеген алқап сияқты, зерттеулер, зерделенер тұстары мол. Соның бірі – Қасым хан бейнесі. Алайда тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» атағымен мәлім қазақтың алысты болжаған біртуар хандарының бірі туралы тарихи драма жазуға күні бүгінге дейін көп қаламгердің батылы бармай келе жатқаны және рас. Кинорежиссер Ақан Сатаевтың фильміне арқау болғаны болмаса, жалпы тұлға туралы тұшымды дүние өзінің жұлдызды сәтін күткеніне де көп болған. Осы олқылықтың орнын Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрында тұсауы кесілген Асылбек Ихсанның «Қасым хан» тарихи драмасы толтырғандай болды.
Әдебиет • 14 Қаңтар, 2025
Жазушы Ілияс Есенберлиннің талайлы тағдыры ғана емес, шығармашылық қиял қарымы мен ғибратты ғұмырындағы игерген тақырып ауқымы һәм сол мақсатын орындаудағы табанды еңбекқорлығы, рас, қай кезде де оқырманы үшін феномен. «Көшпенділер» мен «Алтын Ордадай» тарихи тақырыптағы теңдессіз трилогияларды өмірге әкелген қаламгердің жүрек қылын шертіп, жан дүниені әлемтапырық күйге түсіретін «Ғашықтардай» ғаламат шығарма тудыруы – шынымен таңғажайып таланттың жемісі.
Өнер • 25 Желтоқсан, 2024
«Астана Операның» Дубайдағы өнер сапары зор табыспен өтті. Аңызға айналған Юрий Григоровичтің хореографиясындағы П.Чайковскийдің «Щелкунчик» танымал балеті «Дубай Опера» сахнасында қойылды. Көрермендердің жүрегін жаулаған қойылымда үнімен ұйытқан симфониялық оркестрді италиялық маэстро Джузеппе Акуавива басқарды.
Өнер • 23 Қараша, 2024
«Тұрақты еңбек – өнердің де, өмірдің де заңы» деген О.Бальзактың әйгілі сөзі дәл осы «Наз» мемлекеттік би театрына қаратылып айтылғандай. Осыдан ширек ғасыр бұрын Астана қалалық филармониясының жанынан 4 биші қыздан шағын ансамбль ретінде құрылған айтулы өнер ордасы тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістің арқасында бүгінде 130-дан аса қызметкері бар қазақ театр тарихындағы тұңғыш әрі өз кәсіби қолтаңбасы қалыптасқан ұлттық би театрына айналып отыр.
Сұхбат • 05 Қараша, 2024
Жангелді БИМОЛДИН, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры: Мұрағаты түгел ел мұратына жетеді
– Жангелді Бержанұлы, бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады» деген екен. «Архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деген қағида тағы бар. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?