Өнер • 07 Наурыз, 2025

«Гүлдердің» мерейі

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qazaqstan» Орталық концерт залында әйгілі «Gulder» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-кон­церт өтті. Кеш бағдарламасында арнайы әзірленген экс­клюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хорео­графиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, танымал әртістермен ұтымды коллаборация, сондай-ақ классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылды.

«Гүлдердің» мерейі

Концертті Мәдениет және ақпарат минис­трі Аида Балае­­ва­ның құтықтау хатымен вице-минстр Айбек Сыдықов ашып берді.

«Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде өнер ұжымы қазақ мәдениетінің жарық жұл­дызына айналып, ұлттық өнерді әлемге танытуда ма­ңызды рөл атқарды. Сіздер халықтық би өнерінің ең үздік дәстүрлерін сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келесіздер. Қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде ансамбль эстраданың дамуына зор үлес қосты. Бүгінгі таңда «Гүлдер» ансамблі тек елімізде ғана емес, халықаралық дең­гейде де кеңінен танылып, өзінің ерекше орындаушылық ше­бер­лігімен мойындалуда. Сіздердің сахнадағы әрбір өнер көрсету ерекшеліктеріңіз көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлап, қазақ мәде­ниетінің бай мұрасын көр­сетіп, оның маңыздылығын ай­қындайды, – делінген құт­тықтау хатта.

Көрерменіне тамаша тар­ту болған мерейтойлық кон­цертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдол­лаұлы, Айгүл Ел­ші­баева, «Дарын» Мемле­кеттік жастар сый­лығының лауреаттары Әлібек Әлма­диев, Әділхан Макин, республикалық және халық­­аралық байқаулардың лауреаттары Жанар Доға­лова, Мәди Рымбаев, Қуан­дық Шалқар, Меруерт Ба­қыт, «Астана сазы» қазақ мем­ле­кеттік фольклорлық ансамблі, «Astana musical» мемле­­кеттік театры, «Turan» этно-фоль­клорлық ансамблі, «Самға» тобы және «Gulder» ансамблі өнер көрсетті.