Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3105 материал табылды

Үкімет • 23 Сәуір, 2025

Үкіметте «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысы өтті

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы есебі тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 23 Сәуір, 2025

Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 23 Сәуір, 2025

Астанада үш ірі халықаралық көрме өз жұмысын бастады

Бүгін Астана қаласында өнеркәсіп және сумен жабдықтау саласындағы үш ауқымды халықаралық көрме өз жұмысын бастады. Олардың қатарында VI Машина жасау және металл өңдеудің халықаралық мамандандырылған Kazakhstan Machinery Fair, SU ARNASY – Water Expo XIV халықаралық су индустриясы көрмесі және ONDEU EXPO V халықаралық өңдеу өнеркәсібі көрмесі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 23 Сәуір, 2025

Қостанайдағы қоқыс полигонынан өрт шықты

Қостанай қаласындағы «Солтүстік» қоқыс полиганы отқа оранды. Өрттің таралу аумағы анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 23 Сәуір, 2025

Қайрат Балабиев: Отандық фармацевтиканы қолдауда кемшілік көп

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың атына депутаттық сауал жолдап, онда еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіпке қатысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 23 Сәуір, 2025

Мемлекет басшысы Хорватия министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 23 Сәуір, 2025

Ең танымал отандық 100 кітап сауалнамасы басталды

23 сәуір - Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр. Бұл күн былтырғы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілді. Президенттің айтуынша, кітап - ұлттың интеллектуалдық және мәдени прогресінің негізі. Сондықтан, елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында  отандық авторлардың 100 ең танымал кітабы туралы жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 23 Сәуір, 2025

Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады. Газ саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы QazaqGaz компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов, саланы цифрландыру туралы – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 23 Сәуір, 2025

Президент Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев генерал Асим Мунирмен қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 23 Сәуір, 2025

Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсуді жеңілдетуді ұсынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында магистратура мен докторантураға түсу талаптарын қайта қарау қажеттігін көтерді. Атап айтқанда, ол талапкерлерге ағылшын тілінен емтихан тапсыру міндетін қайта қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.