Оқиға • Бүгін, 09:04

Алматы маңында жер сілкінді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қараша күні таңғы 07:15-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында жер сілкінді

Фото: Ашық дереккөз

Министрліктің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан. Жетісу облысының Сарыөзек ауылында жер сілкінісі шамамен 2 балл деңгейінде сезілген.

Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.