Заң • 03 Қараша, 2025
«Халық заңгері» акциясының игілігін қанша адам көрді?
Елімізде өткен «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында 120 мыңнан астам азамат тегін әрі білікті құқықтық көмек алды. Бұл шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру бағытындағы ең ірі әлеуметтік бастамалардың біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 03 Қараша, 2025
1 000 теңгелік банкнот: шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 28 наурыздан бастап айналымға енгізілген «Сақ стилі» сериясындағы номиналы 1 000 теңгелік жаңа банкноттың қорғаныш элементтерін таныстырды. Жаңа үлгідегі ақша белгісі ежелгі көшпенділер мәдениетін бейнелейтін ұлттық нақыш пен заманауи қорғаныс технологиясының үйлесімі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Қазақстанда 6 мыңнан астам сайтқа қолжетімділік шектелді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында 7964 интернет-материал анықталған. Аталған материалдардың басым бөлігі интернет-алаяқтықпен және өзге де заңсыз мазмұнмен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 03 Қараша, 2025
Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді
Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 03 Қараша, 2025
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге қатысты түсініктеме берді
Қазақстан Ұлттық Банкі қазан айындағы валюта нарығының негізгі көрсеткіштерін жариялады. Ресми деректерге сәйкес, өткен айда теңге 3,5%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 529,96 теңгеге дейін төмендеді. Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 248 млн АҚШ долларынан 271 млн долларға дейін өсті. Жалпы сауда көлемі 6 млрд долларды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «ННЦСНИ» сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 3 қарашада түнгі сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі
Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Италияның әйгілі «Интер» клубымен кездеседі. Кездесу Миландағы атақты «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 6 қараша түнгі 01:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қараша, 2025
Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар жүргізілетінін растады
АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның ядролық қаруды сынақтан өткізу ниетін ресми түрде растады. Алайда ол нақты қандай сынақтар туралы сөз болып отырғанын ашып айтпады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 31 Қазан, 2025
TikTok еліміздегі шағын және орта бизнеске қалай әсер етеді?
Бүгінде TikTok тек көңіл көтеру алаңы емес, ол бизнес пен креативтің, технология мен табыстың түйіскен нүктесіне айналды. Миллиардтан астам адамды біріктіретін бұл платформа әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпкерлікке жаңа серпін беріп отыр. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалған жоқ. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен TikTok компаниясы еліміздегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына платформаның ықпалын зерттеп, алғаш рет кешенді талдау нәтижелерін ұсынды. Зерттеу көрсеткендей, TikTok-ты апта сайын қолданатын әрбір алтыншы кәсіпкер өз кірісінің жартысынан астамын дәл осы платформаның арқасында табады. Ал оны белсендірек пайдаланған жағдайда, мұндай табысқа жететін компаниялардың саны екі есеге дейін артуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Қазан, 2025
Нью-Йорктен 70%-ға арзан: Азық-түлік бағасы қолжетімді бола түсті ме?
Қазақстан әлемдегі азық-түлік бағасы ең қолжетімді елдердің біріне айналып келеді. Халықаралық Numbeo деректер базасының 2025 жылғы маусым айындағы есебі бойынша еліміз 146 мемлекеттің ішінде 21-орынға көтерілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеу: 2024 жылдың ортасында Қазақстан осы тізімде 34-орында тұрған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.