Экономика • 30 Қазан, 2025
9 айда Қазақстанға 13,8 триллион теңге инвестиция тартылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген инвестиция тарту жөніндегі міндеттерді орындау барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Ақтөбеде әкесінің көлігін тізгіндеген мектеп оқушысы қаза тапты
Ақтөбеде 13 жастағы оқушы әкесінің көлігін жасырын мініп кетіп, жол апатына ұшыраған. Ауыр жарақат алған жеткіншек ауруханада көз жұмған. Бұл соңғы екі айда облыста тіркелген екінші қайғылы жағдай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 30 Қазан, 2025
Димаш Құдайбергеннің бастамасымен түсірілген «Voice Beyond Horizon» жобасы Қытайда таныстырылды
Қытайдың танымал Hunan Broadcasting System корпорациясы мен Димаш Құдайбергеннің бірлескен бастамасы «Voice Beyond Horizon» тележобасының промо-бейнеролигі көпшілікке ұсынылды. Жоба еліміздің табиғи сұлулығы мен мәдени байлығын әлем жұртшылығына паш етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президентке Қызылорда облысының инвестициялық жобалары таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Orient Ceramic KZO компаниясының қыш тақта өндіретін зауыты, Fabe Agro жылыжай кешені, With You қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорны, Seven Rivers Technologies компаниясының шыны ыдыстар өндірісі және басқа да жобалар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Қазан, 2025
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президенттің сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайда айтылған Президент тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде жиын өткізді. Кеңесте Президент Әкімшілігі жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 30 Қазан, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бейсенбі, 30 қазан күні еліміздің басым бөлігінде аспанды бұлт торлайды. Дегенмен оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, жайлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қазан, 2025
Вьетнамда нөсер жаңбырдан болған су тасқынынан 10 адам қаза тапты
Вьетнамның орталық өңірлерінде толассыз нөсер жауын салдарынан жойқын су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, кем дегенде 10 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 29 Қазан, 2025
Бүгін «Барыс» командасы Омбыда «Авангардпен» кездеседі
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында елордалық «Барыс» командасы Омбы қаласында «Авангардқа» қарсы мұз айдынына шығады. Ойын Қазақстан уақытымен 18:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.