Оқиға • 05 Қаңтар, 2026

Бурабайға кіру ақысы қымбаттады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі 2026 жылдан бастап автокөліктер үшін кіру ақысының көтерілгенін хабарлады. Бұл шешім айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бурабайға кіру ақысы қымбаттады

Фото: istockphoto.com

2026 жылы АЕК мөлшері 4 325 теңгені құрады (салыстырмалы түрде: 2025 жылы 3 932 теңге болған). Осыған орай, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру үшін алынатын мемлекеттік алым мөлшері де қайта есептелді.

Күнделікті төлем мөлшері:

Енді ұлттық парк аумағына көлікпен кіретіндер әр тәулік үшін келесі мөлшерде ақы төлейді:

  • Жеңіл автокөліктер – 1 298 теңге;
  • 16 орынға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктері – 4 325 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар – 8 650 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар – 12 975 теңге.

Жазғы маусымдағы жоғары тарифтер:

1 мамыр мен 30 қыркүйек аралығындағы демалыс және мереке күндері арнайы жоғарылатылған тарифтер қолданылады:

  • Жеңіл автокөліктер – 1 730 теңге;
  • Шағын автобустар мен жүк көліктері – 6 488 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар – 10 813 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар – 15 138 теңге.

Айта кетерлігі, бұл өзгерістер тек автокөлікпен келушілерге қатысты.

Соңғы жаңалықтар