
Президент • 17 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс • 17 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында елімізде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 001 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Қытаймен шекарада айналма жол салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренс ел аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаны талқылады. Кездесу барысында «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор — Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды
Қазақстанда еңбек нарығындағы сұраныс артып келеді. 2025 жылы ел экономикасына 239 мыңнан астам жаңа маман қажет болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2025
Қазақстан Қытайға 1500 киік береді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен (киік) беру туралы шешім қабылдады. Бұл бастама көрші елдегі сирек кездесетін жануар популяциясын қалпына келтіруді мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Маусым, 2025
Қазақстанда 479 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қолға алынған ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 479 алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) нысанының құрылысы аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Алматыда балалар SIM-картасы іске қосылды
Алматы қаласының прокуратурасы мен TELE2/ALTEL байланыс операторының бірлесуімен «SIM KIDS» атты балаларға арналған арнайы SIM-карта жобасы ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Маусым, 2025
БҚО-да жаңа мектептер бой көтеріп жатыр
Қазақстандағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында Батыс Қазақстан облысында қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоба шеңберінде бірнеше жаңа білім ошақтары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 17 Маусым, 2025
Елімізде электр және жылу желілері жаңғыртылады
Энергетика министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.