Фото: istockphoto.com
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, боран мен жолдың көрінбеуіне байланысты келесі бағыттарда жолдар жабылды.
Ақмола облысы: Өңірдегі негізгі күре жолдардың басым бөлігіне шектеу қойылды. Атап айтқанда, Астана – Щучинск, Астана – Көкшетау – Петропавл, Көкшетау – Атбасар және Көкшетау – Рузаевка бағыттарындағы учаскелер жабылды. Сондай-ақ Қостанай мен Жезқазған бағыттарына шығатын жолдарда да қозғалыс тоқтатылды.
Солтүстік Қазақстан облысы: Ақмола және Қостанай облыстарының шекарасынан Бескөл, Рузаевка және Тоқсан би ауылдарына дейінгі бағыттар жабық.
Ақтөбе және Атырау облыстары: «Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы» тас жолының Ақтөбеден бастап Атырау облысындағы Сағыз ауылына дейінгі аралығында көлік қозғалысына тыйым салынды.
Павлодар облысы: «Атамекен – Ертіс – Ресей шекарасы» бағытындағы жол учаскесінде қозғалыс шектелді.
Қазіргі таңда жолдарды қар мен мұздан тазарту жұмыстарына 722 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Жол қызметтері жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін сақтап, алыс сапарға шығудан бас тартуды ескертеді.