Фото: istockphoto.com
«Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Біздің басты мақсатымыз – экономиканың барлық салаларына серпінді технологияларды енгізу. Жаңа цифрлық өнімдердің оң нәтижесін әр азамат сезінуге тиіс», деді Олжас Бектенов.
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2 606 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. 2026 жылы тағы 1 900 елді мекенді қосу жоспарланған.
- Қазіргі таңда 5G байланысы еліміздің 20 ірі қаласында қолжетімді.
- Бүгінде 3 115 ауыл 4G желісімен қамтылған болса, 2026 жылы тағы 836 ауыл осы сапалы байланысқа қол жеткізеді.