
Өндіріс • 03 Сәуір, 2024
Майқайыңның алтын кенішіндегі апаттық жағдайдан кейін тоқтап қалған шахтаның жұмысы әлі күнге қаңтарылып тұр. Ал кәсіпорын бойынша 260-қа жуық қызметкер мәжбүрлі демалыста. Қазіргі уақытта жұрт арасында «Майқайыңалтын» кәсіпорны банкрот болып, таратылады екен деген әңгіме желдей есіп тұр.
Руханият • 02 Сәуір, 2024
Павлодарда Шәкен Аймановтың өмірі жайында жазылған «Сұңғыла» кітабы жарық көрді. Жинақта қазақтың белгілі тұлғаларының естеліктері мен мақалалары топтастырылған. Бұл кітапта негізінен өткен ғасырдың 1960-1970-жылдары баспасөз беттерінде шыққан мақалалар, кітаптардағы кейбір естеліктер енген.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Ертіс бойындағы жұрт жүдемесін
Биыл Ертістің жайылмалары өзен жағалаған жұртты жарылқай ала ма? Жыл басталғалы осы бір көкейдегі сұрақ көптің мазасын қашырып тұр. Ертіске көктемгі су жіберу шаралары былтырғыдай баяу өтіп, өзен бойын жайлаған халық экономикалық тұрғыдан тағы да зардап шеге ме деген күмән жоқ емес. Мамандардың пікірінше, су жіберудің мерзімі қайта қаралып, кестесін сәл кешірек белгілеген дұрыс.
Жәдігер • 20 Наурыз, 2024
Керекуде ақын Иса Байзақов ұстаған домбыра табылды. Аспап ұзақ жылдар бойы тұлғаның туған жерінде сақталып келген. 1942 жылы өнер иесі Ертіс-Баян өңіріне келгенде бұл домбыраны досы Мүфтий Ахметовке сыйлапты.
Зерде • 14 Наурыз, 2024
Жүсіпбек Аймауытұлының үлкен ұлы Бектұр 1996 жылы Баянауылға келіп, ата-бабасының рухына тағзым етті. Сол сапарда жергілікті өлкетанушы, Жүсекеңмен бірнеше атадан қосылатын туысы Рамазан Нұрғалиев асылдың сынығына жол көрсетіп, Дәндібай өңіріне бастап апарған. Осы бір оқиға жөнінде ағаның аузынан жазып алған едік.
Шаруашылық • 13 Наурыз, 2024
Биыл Павлодар облысында көктемгі егіске 21 мың тонна тұқым жетіспейді. Диқандар бұл тапшылықты импорттық өнім сатып алу арқылы толтыруға ниетті. Алайда жергілікті мамандар сырттан жеткізілетін кейбір тұқымның өнгіштігі өте төмен екенін, кейбірінің көрсеткіші 40-60 пайыздан аспайтынын ескертіп отыр.
Өндіріс • 11 Наурыз, 2024
Еліміздің өнімі Еуропаны қамтып отыр
Екібастұз қаласында теміржол кластерін дамытудың оң істері байқалады. Жергілікті кәсіпорын шығарған теміржол доңғалақтарының 75 пайызы бүгінде экспортқа жөнелтіліп отыр. Ал келешекте мұнда локомотивтер үшін мүлде жаңа өнімдер өндіріле бастайды.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
Іздеу жұмыстары неге тоқтатылды?
«Майқайыңалтын» АҚ кенішіндегі қайғылы оқиғаның болғанына екі айдан аса уақыт өтті. Құтқарушылар алғашқы күні екі құтқарушының мүрдесін жер бетіне көтеріп алып шыққан еді. Алайда өзге екі азамат сол күйі табылмай жатыр.
Ғылым • 10 Наурыз, 2024
Ертіс-Баян өңірінен ғалымдар көп шыққаны белгілі. Мысалға, химиядағы Әбікен Бектұровтың еңбегін атауға болады. Әбікен атасының ізін жалғаған Әсияның бүгінгі ғылыми ізденістері де кісі қызығарлықтай. Ол органикалық химияның бірнеше бағытында талмай ізденіп жүр.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Павлодардағы жедел басқару орталығы – елімізде алғаш ашылған заманауи құқық қорғау жүйелерінің бірі. Бұл жерде үнемі сергек жүретін, жұмысы жұрт көзіне түсе бермейтін мамандар қызмет етеді. Олар шаһардағы қоғамдық қауіпсіздікті тәуліктің әр секундында, жылдың 365 күнінде кірпік қақпай күзетеді.