Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
230 материал табылды

Таным • 21 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Эверест деген түк емес

Ерекше қабілеті мен ерік-жігерінің арқасында талай адам сенгісіз ерліктерді дүниеге әкелді. Осындай жү­рек жұтқандар санатында аль­пи­нистер де бар. Мұзартқа өр­мелеген мұзба­лақтардың қыл­пыл­даған қылыш жүзіндегі өмірлері ға­жайыпқа толы.

Digital • 21 Маусым, 2024

Керек дерек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana» мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асырып жатыр. Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез әрі жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды. Осылайша, заманауи құрал жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жүгенін тартып, азаматтардың өз құқын қорғау және әділ қоғам құру қағидаттарына ықпал етуді көздейді.

Білім • 21 Маусым, 2024

Бұл лагерь бұрынғыдан өзгерек

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Заманауи технология өмірімізге дендеп еніп жатқан уақытта жас буынды спортқа баулып, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсірудің маңызы зор. Ұлттық рухтан қайнап шыққан таза бұлақтың қашанда берері мол, беделі биік болады. Осы мақсатта биыл елімізде этнолагерьлер көптеп ашылып жатыр. Бұл демалыс орнының ерекшелігі – мұнда оқушылар әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді тереңірек меңгеріп, ұмытылып бара жатқан қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап үйренеді. Міне, ұлттық құндылықты жас ұрпаққа насихаттаудың соны жолы. Осылайша, жақсыны көрмекке деп Астана қаласындағы №79 мектеп-лицейіне, №32 мектеп-гимназиясына арнайы ат басын бұрдық.

Жоба • 21 Маусым, 2024

Айрықша жоба: «IT-Aiel»

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия «Әйелдерге арналған цифрлық экономика» бастамасын қарқынды ілгерілетіп келеді. Соның бір дәлелі – Astana Hub-пен бірлесіп, жұмыссыз әрі декреттік демалыстағы әйелдердің цифрлық құзыретін дамытуды көздеген «IT-Aiel» жобасы.

Таным • 20 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Ерік-жігердің ерекше үлгісі

Адам жаны сірі ғой. Егер өзіңді өзің аямай шыңдап, күн сайын жалықпай жаттықсаң, небір рекордтарды дүниеге әкелерің сөзсіз.

Таным • 20 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Тамыры тереңге кеткен

Жайқалып тұрған ағаштар мен өсімдіктердің негізгі қорегі тамыры арқылы келетіні белгілі. Бір­ақ көбіміз сол ағаш тамырының құ­пия­сын біле бермейміз-ау.

Таным • 19 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Жиналмалы көпір

Дүниежүзінде алуан-алуан көпір бар. Солардың арасында қолдану бағыты мен құрылысы бойынша таңдай қақтырарлық небір түрі кездеседі.

Қоғам • 19 Маусым, 2024

Табиғат аясында кітап оқыды

«Кітапты өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Ол – кітап оқымау», дейді ағылшын жазушысы Рэй Брэдбери. Расымен бұрын да, қазір де, интел­лектуалдық өрені көтеретін, мінезді берік қылатын – кітап қана, классикалық еңбектер ғана. Көзіқарақты адам бұл ақиқатты жоққа шығара алмайды. Осы мақсатта Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» республикалық семинары өтті.

Таным • 17 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Қызыл қағаздан қысылмаған

Осы күні ең көп тараған спорт түрінің бірі – футбол. Жасыл алаң­дағы сайыс алуан-алуан қызық­тарға толы. Сондай-ақ футбол та­рихында шектен шығып, шет­тетілген спортшылар жайында сирек оқиға ретінде оқта-текте айтылады. Ал доп додасы кезінде өз-өзіне қызыл қағаз көтерген төреші туралы естігеніңіз бар ма?

Digital • 13 Маусым, 2024

«Қояндарды» құрықтайтын құрылғы

Осы күні жасанды интеллектінің көмегі арқылы небір ақылды камералар шығып жатыр. Бірі адамның бет-әл­петін тану арқылы қауіптің алдын алса, енді бірі жол ережелерін бұзғандарды анықтайды. Таңданарлығы, бұ­лар­дың бәрі де адамның қатысуынсыз-ақ жүзеге асады.