Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
634 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 09 Шілде, 2025

Ерімейтін балмұздақ

Күн ыстықта да ерімейтін мұн­дай ерекше балмұздақты Ұлы­бри­та­ния­­дағы «Alton Towers» ойын-сауық пар­кінен сатып алуға болады.

Ғалам ғажаптары • 09 Шілде, 2025

Акула да ән тыңдайды

Аустралиялық Мэтт Уоллер – акулаларды жақыннан көргісі келетін турис­терге арнап суасты турларын ұйым­дастыратын кәсіпкер. Бір күні ол акулалардың рок музыкасына елең­дейтінін ойда-жоқта аңғарып қалады.

Ғалам ғажаптары • 09 Шілде, 2025

Тамаша тапқырлық

1967 жылы атақты «Simon and Garfunkel» дуэті «Fakin’ It» атты муз­ы­ка жазды. Әннің нақты ұзақ­ты­ғы – 3 минут 14 секунд.

Таным • 05 Шілде, 2025

Күй құдіреті

Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсететін эпизод бар. Бірақ сезімтал тіршілік иелері бір-біріне жақындамай, екі жаққа жүзіп, түсірілім тобын біраз әбігерге салған.

Digital • 04 Шілде, 2025

Аймақтағы бірегей технопарк

Осы күні елордамыз тек әкімшілік немесе мәдени орталық қана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіге негізделген инновациялар алаңына айналды. Ал аталған бағыттағы бастамалардың өзегі – «Astana Hub». Бәсеке табалдырығын 2018 жылы аттаған бұл алғырлар ордасы – бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технопарктың бірегейі.

Ғылым • 04 Шілде, 2025

Логика бағытындағы байланыс

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Сегізінші қазақ-француз логикалық коллоквиумы» атты халықаралық конференция өтті. Коллоквиумның басты мақсаты – логика, математика, лингвистика салаларындағы бірнеше бағыт бойынша қазақ-француз зерттеушілері, сондай-ақ басқа да мемлекеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту.

Елорда • 03 Шілде, 2025

Жаңа саябақ ашылды

Қаланың көркі саябақ – тек жасыл желек емес, сол ортада тыныстайтын, демалатын, жүздесетін адамдардың үлкен қуанышы. Елорда күні қарсаңында Астанадағы Ахмет Жұбанов пен Тархан Жәнібек көшелерінің қиылысында жаңа саябақ салтанатты түрде ашылды.

Digital • 01 Шілде, 2025

Құрылыстағы цифрландыру

Енді құрылыс барысын бақылауды дрон және жасанды интеллект жүйелері жүзеге асырмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.

Сұхбат • 01 Шілде, 2025

Ұлттық корпус – қазақ тілінің сандық жадысы

Жаһанды қызықтырған жасанды интеллектінің қарқыны күннен-күнге күшейіп келеді. Мәтін жазудың қыр-сырын мейлінше меңгерген, сұрағаныңды лезде тауып беретін, тіпті жарамсыз деген шығарманың өзін бар қатесінен арылтып, мінсіз қалыпқа түсіре алатын «ChatGPT» сынды бағдарламалар халықтың қажетіне жарап-ақ тұр. Алайда жасанды зерденің қазақшаға жетік болуының бір тетігі – ұлттық корпус. Өйткені тілдік модельдерді ЖИ адамдар секілді өмірден үйренбейді, оларды мәтін арқылы оқытады. Яғни жасанды интеллект қазақ тілінің грамматикасын, лексикасын, стильдік ерекшеліктерін осы корпус арқылы меңгереді. Әрине, бұл – ұлттық корпустың көп қырының бір түрі. Ал оның тағы қандай игілігі бар? Қалай қолдануға болады? Әлемдік корпустар қай деңгейде? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында филология ғы­лымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлыхан Аитовамен сұхбаттасқан едік.

Білім • 29 Маусым, 2025

Tomorrow School: Болашаққа жол ашқан мектеп

Қазір жасанды интеллектінің кернеуі күшейіп, барлық салада басымдық алып келеді. Елімізде  peer-to-peer форматында жұмыс істейтін алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School 2024 жылдың қазан айынан бастап жұмысын бастады. Білім беру алаңы алты кезеңнен тұратын іріктеу өткізіп, мыңға жуық үміткерді қабылдады. Бүгінде 216 студент негізгі оқу бағдарламасына қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.