
Таным • 13 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Міне, маркетинг!
1988 жылы «Nestle» компаниясы ребрендинг жасап, логотипіндегі бір балапанды алып тастайды. Бұл шешімнің басты себебі – отбасылық құрылымдағы өзгеріс.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 12 Ақпан, 2025
Кәсіптік мамандықтар кеңістігі
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі басталды. Салтанатты жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ ірі компаниялар мен кәсіпорындардың өкілдері, сарапшылар және колледж студенттері қатысты.
Таным • 11 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Құпия құбылыс
Пабло Пикассо сөйлеуден бұрын сурет салуды үйренген. Анасының айтуынша, тілі шыққанда айтқан алғашқы сөзі «Piz!Piz!» яғни қарындаш деген сөз болыпты.
Таным • 11 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: «Марк Твеннің» мәнісі
Біз «Марк Твен» деп жүрген америкалық жазушының шын есімі – Семуель Клеменс.
Таным • 11 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Бес жасында пьеса жазған
Вольфганг Моцарттың әкесі Леопольд – Аустриядағы белгілі композитор болған адам. Баласының ерекше дарынды екенін түсінген ол өзінен гөрі ұлына көбірек көңіл бөлді.
Білім • 08 Ақпан, 2025
Ағылшын тілінен рекорд орнатты
Тіл білудің пайдасы ұшан-теңіз. Ғылым дәлелдеген, зерттеулер көрсеткен айғақты артықшылықтарын шып-шырғасымен түгендеуге кіріссек, есебіне жетіп болмаймыз. Бірақ тіл сындыру – оңай емес. Қаншама адам ағылшын тілін талай рет құрсауға алып, бағынышқа түсіруге тырысқанымен, алынбас қамалдан аса алмайтынын түсініп, біржола қол сілтеген болуы да мүмкін. Ал 17 жастағы Сая Қыдырәлі халықаралық «IELTS» емтиханын 20 мәрте тапсырып, нәтижесінде ең жоғары 9 балға қол жеткізді. Бұл – әлемдік рекорд.
Білім • 07 Ақпан, 2025
Теміржолшы – мамандықтың төресі
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деп атап өтті.
Білім • 05 Ақпан, 2025
1 300 мектеп жаңғыртудан өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында үш жыл ішінде 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізуді тапсырғаны белгілі. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осы мәселеге арнайы тоқталып: «Үкімет заманауи мектептер салуға қолайлы жағдай жасап, орта білім беру саласына жеке инвестиция тартуы қажет», деді. Жыл сайын оқушы саны артып, мектептердегі орын тапшылығы үдеп тұрған уақытта бұл бастаманың маңызы жоғары екені анық. Өйткені ескірген білім ошақтарын жаңғырту үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал етеді.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
«TikTok»-тағы тағылымды тартыс
Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі «TikTok» желісінде тағылымды контентті насихаттау мақсатында ұстаздарға арналған байқау өткізді. Желідегі жарысқа мектеп мұғалімдері, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Олар өз пәндеріне сәйкес келетін қысқа танымдық бейнежазбаны платформада жариялап, жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде, сайыс ұйымдастырушыларына 80 мыңнан астам бейнежазба жолданған.
Сұхбат • 04 Ақпан, 2025
«Күлдіремін деп бүлдіріп жүр...»
Әзіл-сықақ әлемін зерделеген ғұламалардың пайымдауынша, ештеңеден қорықпайтын адам күлкіден ғана қорқады екен. Ендеше, күлкі – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге болмайды. Алайда осы күні сатираның бар-жоғын түгендегенде памфлет, эпиграмма, фельетон сынды жауынгер жанрлар саптан шығып қалғандай әсер қалдырады. Мұның себебі неде? Жалпы, қазір қымбат күлкінің құны кетіп, сатираны биік өнер деңгейінен түсіріп алған жоқпыз ба? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында оспақтың отымен кіріп, күлкінің күлімен шығып жүрген «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик Мұхтар Шеріммен әңгімелескен едік.