Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
448 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 02 Сәуір, 2025

Мейірім маршы

Дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің әдеби ертегі, повес­терімен даңқы шыққан. Сондықтан ол өзін ақтық сапарға шығарып салуға кішкентай оқырмандар көп жиналатынын анық білген.

Ғалам ғажаптары • 02 Сәуір, 2025

Бұйырған кетпейді

Жалпы, Нобель сыйлығы қайтыс болған адамға берілмейді. Бұл – осы мара­паттың мызғымайтын қағи­дасы. Бірақ өмірде ережеге бағын­бай­тын жайттар жетерлік.

Ғалам ғажаптары • 02 Сәуір, 2025

Ең төменгі нота

Әлемдегі ең төменгі нотаны амери­калық әнші Тим Стормс алған. Оның дауыстық диапазоны – әлем­дегі ең кең диапазондардың бірі.

Қоғам • 01 Сәуір, 2025

Езу тарттырар есім-сойлар

Адам – күлетін де, күлкі шақыра алатын да бірден-бір жаратылыс. Ал күлкінің әзіл, мысқыл, әжуа, кекесін, оспақ, қағытпа, сықақ, қалжың, келеке, келемеж, мазақ, мұқату секілді толып жатқан реңктері бар. Бұлардың бәрі де күлкінің түрлері болғанымен, барлығы бірдей синоним сөздер емес. Теоретик-ғалым Т.Қожакеевше айтсақ, «Сатира, юморды әзіл-қалжыңмен, анекдотпен шатастырмау керек. Сатира, юмор – фактіні көре алатын, оны жинақтап, типтендіре білетін, болмыс-құбылыстардың әлеуметтік мәнін көркем де бейнелі тілмен ашып, суреттеп беретін әдебиет саласы». Сондықтан сатираның бәрі күлкілі болғанымен, күлкі шақырғанның бәрі сатира емес.

Қоғам • 29 Наурыз, 2025

«Nomad Guard» қызметі

Жасанды интеллектінің игілігімен қатар, зиянды тұсы да баршылық. Оны интернет-алаяқтар қарапайым азаматтың деректерінен бастап, мемлекеттің құпия ақпаратын қолға түсіретін таптырмас құрал ретінде пайдаланып отыр. Сол себепті жақын арада «eGov» порталында жеке деректердің таралғанын тексеретін жаңа функция іске қосылмақ.

Ғалам ғажаптары • 29 Наурыз, 2025

«Блюцифер»

АҚШ-тағы Денвер әуежайының алдында тұрған алып мүсінді жұрт «Блю­­ци­фер» деп атап кеткен. Себебі кө­зі­­нен жалын шашыраған жылқы бей­не­­­сін көрген бойда-ақ кеудеге қор­қы­­ныш ұялайды.

Ғалам ғажаптары • 29 Наурыз, 2025

Төңкерілген ескерткіш

Аустралияның Мельбурн қаласында төңкеріліп тұрған ескерткіш бар. Бұл – Виктория штатының тұңғыш лейтенант-губернаторы Чарльз Ла Тробқа арналған мүсін.

Ғалам ғажаптары • 29 Наурыз, 2025

Көлеңке мүсін

Украинаның Одесса қаласында, нақ­тырақ айтсақ, Дерибасовская мен Ришельевская көшелерінің қиы­лы­сында Пушкиннің көлеңке түрін­дегі ескерткіші орнатылған.

Ғалам ғажаптары • 28 Наурыз, 2025

Сәйкестік

2012 жылы италиялық «Коста Кон­кордия» круиздік лайнері су астын­дағы жартасқа соғылып, апатқа ұшыраған еді. Таңғаларлығы, сол сәтте кемедегі мейрамханада Селин Дион­ның «My Heart Will Go On» әні шыр­қалып жатқан екен. Ал бұл ән – атақ­ты «Титаник» фильмінің бас­ты саундтрегі.

Ғалам ғажаптары • 28 Наурыз, 2025

Музей терапиясы

Өнер ақыл мен жүрекке кешенді түрде әсер етеді, оның күші адам рухының небір қалтарыстарына дейін қозғайды. Өнер адам жанын сөзсіз тазартады. Ғылым да мұны әлдеқашан дәлелдеген.