Бизнес • 19 Мамыр, 2025
Жылқы жалындағы GPS немесе қарап жүріп қаржы табу идеясы
Мирас Байжігіт – ауыл шаруашылығындағы цифрлық революциянер. Оның iGPS Tech стартапы бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде 100 мыңнан астам жылқыны бақылауға мүмкіндік береді. Барлығы кішкентай інісін GPS сағаттары арқылы қадағалаудан басталған
Технология • 16 Мамыр, 2025
Арманын ғарышқа самғатқан жас өнертапқыш
Ол небәрі 23 жаста. Бірақ соған қарамастан, білім беру саласында елеулі жетістікке жеткен. Алматылық Мирас Нүсіпов бүгінде балаларға зымыран құрастыруды үйретіп жүр. Қазір ол технология мен инженерияға қызығушылықты оятатын тың жобалардың жетекшісіне айналып үлгерген. Осылайша талапты жастың шығармашылық әлемімен біз де танысып көрдік.
Digital • 16 Мамыр, 2025
Роботтехниканың құлағында ойнайтындар елордада бас қосты
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2025» халықаралық роботтехника фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің жиырма облысынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елінен келген 200-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Жас өнертапқыштар алты санатқа сәйкес бақ сынап, өз жобаларын таныстырды.
Руханият • 15 Мамыр, 2025
Лев Толстой: Адамдар ақиқатта ғана біріге алады
Санаға салмақ түсірер сауалдарға жауап таппай дағдарған кезде «бұған ақыл-ой алыптары не дер еді?» деп ойланған кезіңіз болған шығар, қадірлі оқырман. Олар, әрине, ғайыптан тайып түсіңізге енбесе, өңіңізде ұшыраспайды. Бірақ бұған журналистикадағы еркін жанрлардың бірі – ретроспективалық сұхбат мүмкіндік береді. Ол – өмірден өткен адаммен жазып қалдырған еңбегі негізінде әңгімелесу. Біз жазушы, хакім Лев Толстоймен сұхбаттасып көрдік.
Медицина • 14 Мамыр, 2025
Ерлер емделуді әлсіздік деп қабылдамауы керек - дәрігер
Ер-азамат – отбасының қорғаны, ұлтының ұстыны. Алайда соңғы жылдары бөріктілердің денсаулығы алаңдатарлық деңгейге түсті. Жүрек аурулары, белсіздік, психикалық күйзеліс, қатерлі ісіктер – мұның бәрі ер адамның өмір сапасын ғана емес, қоғамның да ынтымағын ыдырататын факторлар. Дәрігерлер бұл мәселеге әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал ететін кешенді құбылыс ретінде қарап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 13 Мамыр, 2025
Елордада жас өнертапқыштар жарысы өтті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2025» халықаралық робототехника фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің жиырма облысынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елінен келген екі жүзден астам мектеп оқушысы қатысты. Жас өнертапқыштар алты санатқа сәйкес бақ сынап, өз жобаларын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 10 Мамыр, 2025
Парадқа кіре алмаған Теңдік Изақов кім?
7 мамыр күні Астанада өткен әскери парад кезінде тыл ардагерінің салтанатты іс-шара аумағына кіре алмай қалғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қоғам назарына ілікті. Кейін бұл ардагер – Қазақстандағы нейрохирургия саласының дамуына зор үлес қосқан, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Теңдік Изақов екені анықталды.
Әлем • 08 Мамыр, 2025
Рим папасын сайлау қалай жүріп жатыр
Кеше кешкісін Ватикандағы Сикстин капелласында жиналған кардиналдар жаңа Рим Папасын сайлау мақсатында алғашқы дауыс беру турын өткізді. Алайда үш сағат өткен соң капелла төбесіндегі мұржадан көтерілген қара түтін – понтификтің әзірге сайланбағанын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Мамыр, 2025
Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ...
Барлық адам баласы дүниеге бала болып келеді. Бірден ересек қалпында жаралған екі-ақ адам бар. Ол Адам ата мен Хауа ана. Аңызда түп атамыздың жілік майы толысқан жігіт бейнесінде жаралғаны айтылады. Ал Хауа болса он жеті жастағы бойжеткен. Санаға салып сараптасақ, екеуінің сәбилік кезеңі болған жоқ. Кездескен бетте екеуі жұп құрап нәсіл өрбітті. Ересек ғұмыр кешті. Бірақ, шіркін-ай, балалық шақта батпырауық ұшырып, тығылмақ ойнай алғанға не жетсін. Хош, есіркеп қайтеміз, олар не дегенмен жұмақта туды ғой. Ал соғыс дейтін «тозақта» дүниеге келген балалардың тақсыретін қалай ұғынамыз?
Көрме • 05 Мамыр, 2025
Таза қанды тазылар таныстырылды
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қазақы тазының халықаралық деңгейде тіркелгенін атап өтіп, бұл оқиғаның ел мәдениетінде маңызды орын алатынын жеткізген болатын. Осыған орай EXPO халықаралық көрме орталығында Astana Winner 2025 халықаралық иттер көрмесі мен «Қазақы тазы – 2025» моно тұқымды иттер көрмесі өтті, деп жазады Egemen.kz.