Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
864 материал табылды

Театр • 03 Қыркүйек, 2024

Жастар театрының гастрольдік сапары

Ашылғанына небәрі алты ай болған Атырау жастар театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді. Конституция күні аясында өткен сапар барысында өнер ұжымы елордалық көрерменге Мұқанғали Томановтың авторлығы және режиссерлігімен «Жәннат», Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша дайындалған «Менің атым Қожа» қойылымын ұсынды.

Жәдігер • 03 Қыркүйек, 2024

Қаңлы дәуірінің қазынасы

Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіштегі далалық зерттеу жұмысын аяқтады. Нәтижесінде, қаңлы мәдениетіне қатысты біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды. Ғалымдардың пікірінше, бұл жерде ғибадатхана мен екі қорған орналасқан.

Руханият • 29 Тамыз, 2024

Абайтанудағы зерттейтін тақырып жеткілікті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай орталықтары және абайтанудың қазіргі өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиында әр қалада орналасқан Абай орталықтары атқарып жатқан жұмыстарына есеп беріліп, хакім мұрасын зерттеп-зерделеудегі түйткілді түйіндер талқыланды. Іс-шара «Абай акаде­миясы» ғылыми-зерттеу институтының ыждағатымен ұйымдастырылды.

Өнер • 28 Тамыз, 2024

Италиядағы дебют

Елордадағы «Астана Опера» театрының солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Италияның Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы театрда «Реймске саяхат» спектаклінде Граф Либенсковтың басты партиясында дебют жасады.

Мәдениет • 26 Тамыз, 2024

Моцарттың мінезі

ХVIII ғасырдың ортасында Аустрияның шағын ғана қалашығында ең ұлы музыкант дүниеге келді. Баланың дарыны ерте жастан байқалды. Оның небәрі бес жаста жазған симфониясы күллі Еуропаға қол соқтырды.

Таным • 23 Тамыз, 2024

Сіз білесіз бе? Сақ патшайымы – Зарина

Грек тарихшысы Ктесий: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді», деп жазба қалдырған. Сондай жауынгер әйелдердің бірі – Зарина. Ол – сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшысының әйелі, Роксанаки қаласының билеушісі. Бұл қала Сырдария жағалауында, кейіннен Сығанақ қаласының іргесі қаланған аймақта орналасқан.

Марапат • 23 Тамыз, 2024

Бір күнде – жеті жүлде

Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 халықаралық өнер байқауында бірден жеті жүлдеге ие болды.

Таным • 23 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Тасбақаға ғашық көбелек

Тасбақа да жылайды. Амазонканың тропикалық ормандарында өте қызық құбылыс кездеседі: көбелектер тасбақалардың көзінің жасын ішеді. Осылайша, қанатты жәндіктер ағзаларын қажетті минералдарға толтырады. Тасбақалар мен кө­белек­тердің бұл байланысын Там­бопата ұлттық саябағындағы зерттеу орталығының қызметкері Фил Торрес түсіндіреді.

Таным • 23 Тамыз, 2024

Чарлидің күнделігі

Адам ақыл ойы мен төлтума болмысының қат-қабат қыртысы сөзсіз пәлсапалық, індете қазсақ, этикалық және моральдық категорияларымен таным таразысына тартылады. Америкалық жазушы Дэниел Киздің 1966 жылы жарық көрген «Алжернонға арналған гүл» («Flowers for Algernon») романында наубайханада тазалықшы болып жұмыс істейтін отыз екі жастағы ақыл-есі кем Чарли Гордонның оқиғасы баян­далады. Ол интеллектуалдық деңгейін көтеру тәжірибесіне өз еркімен қатысады. Ондағы мақсаты – өзінің мақтауға лайық бола алатынынотбасы мен айналасындағы адамдарға дәлелдеу.

Таным • 21 Тамыз, 2024

«Адамзаттың бәрін сүй...»

Бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Оны 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен болатын.