
Көрме • 01 Қазан, 2024
Белгілі қылқалам шебері әрі мүсінші Тілеужан Батановтың шығармашылығы өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның кенептегі кеңістігінде отбасы құндылығы, ғашықтық ғаламаты, ұлт мұраты сынды құнды тақырыптар көрініс табады. Туындыларын көзбен көріп, көңілмен сезіну үшін автордың «Сезім» атты көрмесі Астана қаласындағы Ұлттық музейде ел назарына ұсынылды.
Таным • 28 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Зағиптарға арналған аппарат
Әгараки комикс қаһарманы Бэтмен жарғанатқа костюмімен ғана емес, түнде көре алатын қабілетімен де ұқсағысы келсе, ол міндетті түрде Ғалымжан Ғабдырашовтың өнертабысын қолданатын еді. Отандық ғалымның бұл аппараты зағип жандардың өмірін әп-сәтте жеңілдете алады.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024
Адамзаттық деңгейдегі ақыл-ой алыптары ұлт шекарасына сыймайды. Олар қара түннің шымылдығын дар айырып, шолпанды жыққан күн секілді арайын алысқа да, жақынға да шашады. Алақандай Бөріліде дүниеге келіп, Еуразия кеңістігінің ерен тұлғасына айналған жан – Мұхтар Әуезов.
Сұхбат • 27 Қыркүйек, 2024
Кеңшілік Тиышханұлы: Сенім сетінемеу керек
Қазір Абай мен Шәкәрімнің діни көзқарасы хақында сауал аз емес. Осы орайда белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тиышханұлымен бабаларымыздың діннің кейбір доктриналарына көзқарасы, дінаралық диалог, оның біріктірушілік қасиеті және дербес тұлғаның діни құндылықтарды қабылдау кезіндегі ұстанымы тақырыбында әңгіме өрбіттік.
Байқау • 24 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2024
Елорданың Ұлттық академиялық кітапханасында «KitapTime – 2024» жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыруды мақсат еткен жаназық жәрмеңкесі мемлекетіміздің көпшілік кітапханаларының қолдауымен еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылды. Айта кетейік, игілікті жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің ыждағатымен биыл үшінші рет өткізіліп тұр.
Таным • 20 Қыркүйек, 2024
Cіз білесіз бе? Қағаз ақша қайдан шықты?
Қағаз ақша алғаш рет Қытайда XI ғасырда пайда болды. Олар VII ғасырда Таң әулеті кезінде саудагерлердің қолхаттарынан табылған.
Тағзым • 12 Қыркүйек, 2024
Астана қаласы күйші Дина көшесіндегі №8 үйдің қабырғасына белгілі журналист, жазушы Жылқыбай Жағыпарұлына ескерткіш тақта орнатылды. Өмірін өнегемен өрнектеп кеткен қоғам қайраткері бұл үйде өмірінің соңына дейін тұрған болатын.
Digital • 05 Қыркүйек, 2024
Қазақша жасанды интеллект қалыптастыру бастамасы
Кернеуі күннен-күнге күшейіп, өмірімізде өріс алып келе жатқан ғылымның күрделі саласының бірі – жасанды интеллект. Бұл – адамның ойлау үдерісін компьютерлік жүйеде модельдейтін бағдарлама желісі. Елімізде енді ғана қолға алынып жатқан мәселе болғанымен, «жасанды интеллект» термині бағдарламашы Джон Маккартидің аузынан 1956 жылы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференциясында шығып үлгерген. Нәтижесінде, жасанды интеллектіні игерген жасампаз мемлекеттер даму реттілігінде алғашқы орындарға орнығып алды.
Кино • 03 Қыркүйек, 2024
«Бауырына салу» – дәстүрге құрмет
Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығы» қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі халықаралық фестивальдарда топ жарып келеді. Жақында режиссер Асхат Кучинчерековтің фильмі Аустрия мен Санкт-Петербургте екі беделді марапатқа ие болды.