
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, алаяқтар шетелде кеңінен қолданылып жүрген жаңа тәсілді пайдалана бастаған. Олар жүргізушілерге электронды пошта мен мессенджерлер арқылы жалған айыппұл қаулыларын жолдап, азаматтың жеке деректері мен автокөлік нөмірін көрсетіп, «штрафты төлеу» сілтемесін қосады.
Мамандар мұның кәдімгі фишингтік шабуыл екенін ескертеді. Жүргізуші банк картасының деректерін енгізген жағдайда, қылмыскерлер шотқа толық қол жеткізіп, қаражатты иемденеді. Кейбір сілтемелер құрылғыға вирус жүктеп, жеке мәліметтерді ұрлауы мүмкін. Мұндай жағдайлар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді Қазақстанға да таралу қаупі бар.
Сол себепті Бас прокуратура төменде көрсетілген жайттарды естен шығармауды тапсырады:
-
Ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен жолданады, оларда ешқашан сілтеме болмайды;
-
Айыппұлдың бар-жоғын тек ресми ресурстардан — egov.kz, qamqor.gov.kz және банк қосымшаларынан тексеру қажет.
Сондықтан ведомство күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз файлдарды ашпауды, күдікті хабарламалар бойынша ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеруді, карта дерегі енгізіліп қойса, оны дереу бұғаттауды ұсынады.