Жастар • 12 Тамыз, 2025
12 тамыз – Халықаралық жастар күні
Бұл дата – қоғам мен экономиканы дамытудағы жас ұрпақтың рөлін айқындауға арналған күн. Мереке елімізде 2000 жылы, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Жастар ісі жөніндегі дүниежүзілік министрлер конференциясының ұсынымдарын қолдап, осы күнді ресми жариялағаннан кейін бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2025
Құмырсқаның илеуінен құрылыс нысанына дейін
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адам зәузаты табиғат тылсымын ұғып, шикі асты құнарға, құр тасты құралға айналдыруды үйренген сәттен бастап, өзіне жайлы мекен жасауға бейімделе берді. Құмырсқаның илеу қазып, қарлығыштың ұя салғанын көрген арғы нәсіліміз баспана маңызын ұғына түсті.Тарих тамырына үңілсек, Африкадағы Олдувей шатқалында адамдар лава кесектерінен тегіс алаң жасап, алғашқы құрылыс әрекетін осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын жүзеге асырған көрінеді. Ал қазіргі қазақ даласындағы алғашқы құрылыс та тым ерте, біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын Ботай қонысында басталған. Осы уақытта бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, балшық пен ағаштан жасалған үйлерді тұрғызып үлгерген. Дәуір доңғалағы айналып, жаңа заманға жеткізген қазіргі күнде де еліміздегі құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Қала жаңарып, ауыл түлеп, инфрақұрылым кеңейіп жатқан тұста бұл саланың жүгін арқалап жүрген мамандардың еңбегі ерен.
Таным • 09 Тамыз, 2025
Ақынның әдеби мұрасын толық зерттеу үшін оның шығармашылық зертханасымен таныс болған жөн. Яғни «қаламгер жазу үстеліне қандай көңіл күймен отырды?», «туындыны қаншалық уақытта жазып шықты?» деген сұрақтар мәтіннің мәніне терең бойлауға көмектеседі.
Таным • 09 Тамыз, 2025
Қасиетті перзенттің дүниеге келуін ең әуелі рухани әлемнің елшілері жеткізеді. Өмірге енетін баланың тегін адам болмайтынын илһам-ишарамен ұқтырады. Сондай оқиға Құнанбай шаңырағында да болған.
Таным • 09 Тамыз, 2025
Жүрек көзі ашылған адамдар өмірден қай уақытта кететінін де алдымен аңғарады. Балаларының қазасымен өрілген толассыз трагедия хакім жүрегін әбден талдырды. Деректерге сүйенсек, Абай да өмірінің соңғы сағаттары соғып жатқанын келініне жеткізген екен.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Құнанбай Кенесарыға қарсы шапқан ба?
Адамның жақсы иә жаман болмағы ата-анасына, арғы бабаларына тікелей байланысты. «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деп қазақ бекер айтпайды. Хакім Абай да «адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» болады деп, әке-шеше ұлағатын алдыңғы орынға шығарған. Осылай айтып отырған Абайды да даналық шыңына көтерген бақ дарыған тегі мен ата-ана тәрбиесі екенін білген дұрыс. Оның ішінде Құнанбай қажының Абай дүниетанымына әсері мол. Хакімнің әкесі хақында іргелі еңбектер жазылып, ел назарына жарияланғанымен, оның діни һәм әлеуметтік позициясы туралы екі ұшты пікірлер әлі де кездеседі.
Теңге • 24 Шілде, 2025
Дорбамызды доллармен толтырсақ
Кейінгі аптада еліміздегі айырбастау пункттерінде доллар бағамы 540 теңгеден асып кетті. Бұл күтпеген өсім көпшілік көңілін алаңдатып отыр. Мұндай күрт құбылысқа не себеп болды? Долларды қазірден сатып алу керек пе, әлде күткен дұрыс па? Осы және өзге де доллар туралы долбарымызға экономист, қаржы сарапшысы Бекнұр Қисықов жауап берді.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
«Туған жылым – тауық, туған айым – көкек. Мінезім жұмсақ, жылы-сыпайымын. Ешкімге жібермеймін ұпайымды. Көйлегім көк, қолдан жасап алған меңдерім жоқ. Төсек орнымыз орнында. Дүние-мүліктен шошымасын. Өмірімде бір-ақ рет ғашық болғам. Оның өзі әлгі белгілі жазушының белгілі романындағы өзін-өзі таба алмай жүрген белгілі бір кейіпкер еді. Ал болашақ жарымның көзінің былшығы, қасының қылшығы болмаса болды. Мекен-жайым: Бойдақтар қаласы, Мың көди-сөди көшесі, орыс моншасының оң жағы, түрік моншасының төр жағы. Күтем».
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Айгүл Забирова: Еңбек ескерусіз қалмауы тиіс
Қазақ қоғамында әділеттілік – жай ұран емес, өмірлік маңызға ие ұстаным. Адамдардың мемлекетке және бір-біріне сенімі осы құндылықпен өлшенеді. Әділ еңбек, тең мүмкіндік, жалпыға ортақ құқық – мұның бәрі әділетті қоғамның тірегі. Осы ұғымның бүгінгі қоғамда қалай қабылданып жатқанын, әлеуметтік құрылым өзгерген сайын әділет туралы түсінігіміздің де қалай түрленіп жатқанын әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова сараптап жазады.
Саясат • 14 Шілде, 2025
Трамптың трамплині: Президент болмай тұрып кім еді?
Әркімнің шеке тамыры өзінше бүлкілдейді емес пе? АҚШ-тың қазіргі Президенті де бөлекше күркірейді. Әр үйде көрсететін реалити шоу секілді, Ақ үйде түрлі ойын көрсететін Дональд Трампқа саяси сарапшылар таңғалыспен қарайды. Әдеттегі басшылар секілді әдеппен сөйлемейді. Әріптесін әзілмен шаншып, азумен қақшып алады. Мертіктірер мергендер бұған да Кеннедидің кебін келтірмекші болып еді. Құлағына тиіп құламай қалды. Сөйте тұра анталап тұрған еліне қанталап тұрып өзіне дауыс беруге шақырды. Бұл не қылған «Өлмесхан» деп маңдайын уқалайды мамандар. Әрине, ешкімнің шешесінен көйлекшең тумағаны белгілі. Сондықтан біз Трамптың трамплинге шығу жолын шолып өтіп, президент болғанға дейінгі өмірін безбендеп көрдік.