Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Айналасына қараса, ештеңе көрінбейді. Бойы жетпеген соң, құрықтың үстіне шығып қарайды. Онда да нәтиже болмайды. Кенет қалтасында тебен иненің бары есіне түсіп, оны құрыққа қадап, үстіне шығады. Айналаның бәрі ап-анық жарқырап сала береді. Ғалым Ақжан Машанидің пікірінше, Тазша баланың «өтірігінде» ғарыштық ғылыми шындық тұр. Жоғалған жылқы деген – жеті қарақшы жұлдыздар шоғыры. Ал оларды айдан анық, күннен жарық көрсеткен тебен ине – кәдімгі компас. Фольклорлық шығармалардағы мұндай рәміздік ұғымдарды «семиотика» деген арнайы ғылым зерттейді.