Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1580 материал табылды

Жемқорлық • 27 Желтоқсан, 2024

Жыл қорытындысы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген елеулі қадамдар

2024 жыл Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында елеулі қадамдар мен жаңа бастамалардың іске асқан жылы болды. Мемлекет бұл мәселеге қатысты жаңа механизмдер мен тиімді әдістер енгізіп, қоғамдық бақылауды күшейтті. Жыл бойы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың заңдық негіздері нығайтылып, мемлекеттік қызметте ашықтық пен есептілік артты. Бұл іс-шаралар мен бастамалар халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруда маңызды рөл атқарды. Осы орайда биылғы жылы елімізде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы елеулі оқиғаларды оқырман назарына ұсынбақшымыз.

Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2024

«Алқа» ұйымына – 100 жыл

Тұп-тура бір ғасыр бұрын Алаш қайраткерлерінің ұжымдық еңбегі нәтижесінде «Алқа» атты әдеби ұйым дүниеге келді. Бұл ХХ ғасыр басындағы рухани бұлағай шақта, әдебиеттің қай бағытта дамуы керек екендігі дүдәмал тұста жасалған қазақ қаламгерлерінің тұғырлы тұжырымдамасы. Мұнда ел зиялылары боз жусан болмысы бұлдырап, ұлттық келбеті айғыздала жаздап тұрған қазақ әдебиеті һәм мәдениетіне жаны ашитын қаламгерлерді бір мүддеге біріктіруді,  талантты жастарға байыпты бағдар көрсетуді мақсат тұтты. Алаш ардақтыларының осынау еңбегін зерделеп, ондағы түйткілді түйіндерді талқыға салу мақсатында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымның 100 жылдығына арналған ғылыми семиниар өтті.

Тұлға • 20 Желтоқсан, 2024

Мыңжылдықтар жыршысы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында белгілі ақын, манасшы, драматург Баянғали Әлімжановқа арналған «Мыңжылдықтар жыршысы» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Тал бойына тоқсан өнерді тоғыстырған Баянғали Әлімжанов та дәуіріміздің ерекше құбылысы.

Айтыс • 10 Желтоқсан, 2024

Мейірбектің мерейі асты

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Amanat» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. «Төрлет, еңбек адамы!» атты дәстүрлі дода биыл еңбек құндылығын ұлықтауға арналды.

Салық • 29 Қараша, 2024

Қоғамдық палатада салық кодексінің жобасы талқыланды

Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Жиынға палата төрағасы Айдос Сарым жетекшілік етіп, Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаева мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Олар жаңа Салық кодексінің жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі • 29 Қараша, 2024

Астанада 16 жастағы қыз есірткі жасырып, 6 жылға сотталды

Жыл басынан бері Астанада есірткі қылмысы үшін 100-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Есірткі таратқаны үшін сотталғандардың бірі 16 жасында түрме жазасын қалай алғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахмат • 29 Қараша, 2024

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тағайындау • 29 Қараша, 2024

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшысы тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшысын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда • 29 Қараша, 2024

Қарағандыда жаңа маркетплейс жұмысын бастады

Қарағандыда жаңа Teez маркетплейсі өз жұмысын бастады. Оның негізгі артықшылығы - тапсырыстарды бір күн ішінде жеткізу. Тапсырыс беру пункттері елдің 24 өңірінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 29 Қараша, 2024

Сәтбаев университетінде іргетас капсуласы салынды

Сәтбаев университетінде оқу ордасының 90 жылдық мерейтойына орайластырып, жаңа студенттер жатақханасы құрылысының басталуына орай болашақ ұрпаққа жолдау жазылған іргетас капсуласы салтанатты түрде салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.