
Абай • 14 Тамыз, 2023
Павлодар облысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Баянауыл ауданында ұйымдастырылған алқалы жиынға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, облыс әкімі Асайын Байханов, зиялы қауым өкілдері, жергілікті жұртшылық пен қонақтар қатысты.
Мәдениет • 14 Тамыз, 2023
Еліміздің EEGERU заманауи музыка ансамблі әлемдегі ең ірі өнер фестивалі – Edinburgh Festival Fringe-де өнер көрсетуге шақырылды.
Жәдігер • 11 Тамыз, 2023
Абай күні мерекесіне орай Ұлттық музей қорына құнды жәдігер саналатын самаурын табыс етілді. Тула қаласында жасалған бұл самаурынмен Ертістің жағасында 1893 жылы паром күтіп тұрған кезде Абай шай ішкен.
Қазақстан • 28 Маусым, 2023
Жақсы бастама жалғасын тапса игі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында сөйлеген сөзінде ақпарат саясатының тиімділігін арттыру бағытында ауқымды мәселені көтерген еді.
Басылым • 21 Маусым, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Әділ Дүйсенбек туралы естеліктер топтастырылған «Әділдің шыншыл әлемі» атты жинақ жарық көрді.
Пікір • 12 Маусым, 2023
Ел тізгінін ұстаған адам диктаторға айналған күннен бастап өзінше ойлауын тоқтатады. Ол өзіне жағымпазданып, жақсы көріну жолында жарысқа түсіп, жеңіп шыққан топтың немесе жекелеген адамдардың ықпалында қалады да, ішінара солардың қолшоқпарына айналып шыға келеді. Бұл айналып келгенде кезінде өзінің талантымен топ жарып шыққан әлгі басшының табиғи қарым-қабілетін «мұздатып» тастайды...
Әдебиет • 07 Маусым, 2023
Жаһұт жыры арқылы еліне жан сарайының аңсарын айтып, ақындық жүрекпен мынау жарық дүниенің мәнін тәпсірлеп, алапат шабытын ұлтқа қызмет етуге бағыттаған ақындардың бірі – Сейсен Мұхтарұлы. Бүгінде есімі көп атала бермейтін, жыр жинақтары мен өнертану саласындағы зерттеу еңбектерін ел жадында қайта жаңғыртуға сұранып тұрған ақынның мұрасы – халықтың рухани қазынасы. Олай болса, Сыр елінде туып, бүкіл қазаққа жырымен сыр ақтарған ақынның есімін бір еске алсақ дейміз.
Пікір • 05 Маусым, 2023
«Байлығымды алсаң да, пейілімді алма»
Ниет шынайы түрде оң болғанымен, соған сай амал ете алмау – шарасыздықтың бір көрінісі. Ал әлгі оң ниетің салғырттығыңнан, бәлкім жалқаулығыңнан, немкеттілігіңнен, тіпті қорқақтығыңнан жүзеге аспаса, онда әлгі пейілің шынайы болмағаны. Яғни «ниетім оң, пейілім таза» деп айқайлағаның жай ғана алдаусырату амалы, өтірік айтудың нақ өзі. «Ниетім ақ, пейілім таза» деген сөзің жүректен жарып шықты ма, әлде жай ғана айтыла салған бос сөз бе?.. Мәселе осында.
Пікір • 03 Мамыр, 2023
Ата-ананың перзент алдындағы жауапкершілігін ауқымды міндет, парыз деп түсінгеніміз жөн. Алайда осынау парыз-міндеттің түпкі мәніне жіті көңіл аударыла бермейтіндіктен көптеген ата-ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі әлсіреп кеткені жиі айтылып жүр.
Пікір • 26 Сәуір, 2023
Біздің қоғамның ішкі иірімдеріне зер сала қарасаң не жыларыңды, не күлеріңді білмей қалатын ахуал-жағдаяттар жиі кездеседі. Оның бәрін санамалап тауысу мүмкін еместей. Сол жағдайлардың дейміз бе, әлде мәселелердің дейміз бе, қайсысын алып қарасаңыз да туындау себебінің сан түрін анық көресіз.