Мәдениет • 06 Желтоқсан, 2023

Бакуде шалқыған қазақ этно-музыкасы

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан астанасындағы Халықаралық муғам орталығында «Хассақ» қазақ этно-фоль­клорлық ансамблінің алғашқы жеке концерті ұсынылды.

Бакуде шалқыған қазақ этно-музыкасы

Музыкалық қойы­лым Қазақстанның Әзер­­бай­жандағы мәде­ниет күн­­дері аясында екі ел­дің Мә­дениет министр­лік­т­ері­нің көмегімен ұйым­дас­тырылды.

«Бұл Бакуде бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жоқ, бірақ біз бүгін осы жерден табылғанымызға өте қуаныштымыз. Шет­елдік қалалардың ішінде бізге бәрінен де Баку ұнай­ды, өйткені мұндағы адамдар өте мейірімді және қ­о­­­нақжай. Екіншіден, оның тарихы өте бай, қала жасыл және жаңа», деді ансамбль жетекшісі Ер­жан Жәменкеев құт­тық­тауында.

Оның айтуынша, бүгін ансамбльдің ең танымал және үздік шығармалары орындалады. «Біз қазақтың 30-дан астам ұлттық аспабын көрсетеміз. Олар осын­да өнерпаз бес адамға тиесілі. Біз көрерменді және Әзербайжан халқын қуантуға тырысамыз», деді ол.

Е.Жәменкеев ансамбль солистерінің әрқайсысы 10 және одан да көп аспапта ойнайтынын айтты. Олар­дың кейбіреулері қайта жаң­ғырып, өз бетінше қол­­данысқа енгізілді. «Өз са­ламыздың кәсіби маманы болуды армандаймыз, оның көмегімен музыка мәдениетін насихаттаймыз. Қазіргі уа­қытта біз туын­­дыларымызды балет, опера сияқты бас­қа жанр­­лармен, сондай-ақ сим­фониялық және халық оркестрлерімен бірлесіп жа­сап келеміз. Тақырыпқа қа­рай шығармаларымызда түркі, иран, өзбек, қы­тай мотивтерін де қол­да­намыз», дейді Е.Жә­мен­кеев.

Ол келесі жылы ан­самбльдің Алматыда үлкен жеке концертін өткізуді жос­­парлап отырғанын жет­кізді.