Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
472 материал табылды

Аймақтар • 10 Мамыр, 2023

Майдангерлерді еске алды

Жеңіс күні ақтөбеліктер «Даңқ» мемориалына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне жиналып, Екінші дүниежүзілік соғыстың Шығыс майданында қаза тапқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін еске алып, рухтарына тағзым етті.

Қоғам • 10 Мамыр, 2023

Солтүстік Арал ескерткіштерін зерделеген

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарих ғылымдарының докторы, археолог-этнограф Рахым Бекназаровтың «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Арал бойы қазақтары» монографиясының тұсаукесері өтті.

Тарих • 06 Мамыр, 2023

Әлия тағдыры

Жеті жасынан жетімдіктің ащы дәмін татып, он жеті жасында майданға кіріп, он тоғызында ерлікпен қаза тапқан Әлия Молдағұлова өмірбаянының кей тұстары кеңес заманында айтылмайтын. Өйткені мерген қыздың тағдырының артында 1923-1925 жылы дүниеге келіп, жастық шағын соғыс жалмаған ұрпақтың ортақ тағдыры тұр.

Театр • 27 Сәуір, 2023

Халық театрларының фестивалі

Халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтанның 100 жылдығына орай Ақтөбеде «Театр – өнердің ұлы көші» атты халық театрлары фестивалі өтті. Оған сегіз өңірден он халық театры қатысып, екі күн бойы қаламгердің шығармаларын сахналады. Көрермендердің назарына он қойылым ұсынылды.

Жануарлар • 25 Сәуір, 2023

Киіктерді қорғау акциясы

15 сәуірден бастап елімізде «Киік» акциясы басталды. Осы түз жануарының төлдейтін мезгіліне сәйкес келетін табиғат қорғау шарасы бір айға созылады. Оған еліміздің бірнеше облысының табиғат қорғау инспекторлары мен ІІМ және ҰҚК мамандары да қатысады. Мақсат – заңсыз киік аулайтын қылмыстық топтардың жолын кесу. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директоры Марлен Айнабеков мәлімдеді.

Баға • 19 Сәуір, 2023

Ақтөбе облысы: Құяр майыңыз қымбаттады

Қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы Ural`s жанар-жағармай бекеттерінде АИ-95 жанармайы әр литріне 212 теңгеден, АИ-92 – 192 теңгеден, ал дизель отыны 295 теңгеден сатыла бастады. Әзірге қалада газ бағасы тұрақты, әр литріне 50 теңгеден сатылымда бар. Сұйық отынның тапшылығы байқалмайды.

Ауыл • 04 Сәуір, 2023

Ауыл тұрғыны трактор құрастырды

Ырғыз ауданының тұрғыны Жағыпар Қадыров он жыл бұрын құрастырған тракторының пайдасын көріп келеді.

Мәселе • 02 Сәуір, 2023

Жайылымдық жер тапшы

Ақтөбе облысында жыл сайын 500 мың гектар ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жоспарланған.

Отбасы • 20 Наурыз, 2023

Шуақ шашқан шаңырақ

Кейінгі жылдары республикалық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген «Шашу» отбасылық ансамблі биылғы жазда бірнеше мемлекетке сапарға шығуды жоспарлап отыр. Бір отбасында тәрбиеленіп жатқан 21 баланың талантын ұштап, үлкен өмірге баулып жүрген – ата-анасы Өмірхан Жетесұлы мен Амангүл Ешпанқызы. Өнерлі ата-ананың әр баласы да өнерлі. Балаларының бірі терме айтады, екіншісі әнші, жетіген мен сыбызғыда ойнаса, басқалары қобыз бен домбыра тартады. Ер балалары, әсіресе, қазақтың жыр-дастандарына құмар.

Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Белсенділік танытты

Орталық сайлау ко­миссиясының мәлі­метіне қарағанда, сай­лау күні Астана уақы­тымен сағат 18.10-да Ақтөбе облысындағы сайлаушылардың 56,88 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл күні 562 мың 590 ақтөбелік 525 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Соның ішінде жасы 18-ге толған 3 579 азамат биыл тұңғыш рет дауыс берді. Өңірдегі ең жасы үлкен сайлаушы – 109 жастағы Шалқар ауданының тұрғыны Зиба Келімбетова.