Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Учаскелік полицей отбасыны сең құрсуынан құтқарды

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ойыл ауылының тұрғыны 27 наурыз күні түнде отбасымен Ақтөбе қаласына бара жатып, Қобда-Ойыл тасжолының бойында су тасқынына тап болған. Күтпеген жерден жолдың бетін жапқан тасқыннан көлік кері бұрыла алмай, су ортасында қалып қойған. Көлік тізгіндеген азамат тасжолға жақын жердегі Кемер ауылының тұрғындарына қоңырау соғып, көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Учаскелік полицей отбасыны сең құрсуынан құтқарды

Фото: inbusiness.kz

Хабар түскен бойы жеткен Саралжың ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Есболат Әділханов Кемер ауылының тұрғындарымен бірге сеңнің жолын трактормен бөгеп, көлік ішіндегілерді су ортасынан алып шыққан.

«Кемер ауылының азаматтары полиция инспекторы Есболат Әділхановпен бірге тереңдігі бір метр болатын мұзды суды кешіп жүріп бала-шағамды құтқарды. Мен отбасымның атынан ауыл тұрғындары мен полиция инспекторы Есболатқа алғыс айтамын. Осы азаматтардың арқасында бала-шағам ойда-жоқта тап болған апатты жағдайдан аман шықты», дейді көпбалалы әке.         

 

Ақтөбе облысы