Қылмыс • 13 Қаңтар, 2026
Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған
Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» бақылау-өткізу бекетінде Ресей Федерациясына қарай мемлекеттік шекарадан ХІХ ғасырда жасалған «Маузер» маркалы тапаншасын заңсыз алып өтпек болған Атырау облысының тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды
Ақтөбе қаласының Жаңақоныс-2 тұрғын үй алабында 600 оқушыға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Тығыз қоныстанған аумақ тұрғындары көптен күткен білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Бизнесмен «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды
«Ақтөбе» футбол клубы ендігі жерде «Qazaq Story Properties» компаниясының басқаруына берілді. Сондай-ақ «Ақтөбе» ФК» АҚ басқарма төрағасы Санат Шалекеновтың өкілеттілігі аяқталғаны белгілі болды. Клубтың жаңа басқарма төрағасы – Арман Оспанов. Футбол клубындағы құрылымдық өзгерістерге байланысты өткізілген баспасөз конференциясында FIFA Master (CIES) халықаралық бағдарламасының түлегі Арман Оспанов «футбол менеджменті мен корпоративтік басқару саласында тәжірибесі мол» деп таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды
Қысқы каникул күндерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген рейдтер барысында Ақтөбе облысында түнгі уақытта бақылаусыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Соның ішінде бірнеше қайтара тәртіп бұзған 27 кәмелетке толмаған жастың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Транзиттік тасымал Экономиканың күретамырына айналады
Ақтөбеде шетелдік инвесторлар, ірі бизнес өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары қатысуымен «AQTOBE INVESTMENT FORUM –2025» жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 22 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды
Ақтөбе облысында осы жылы 31 елді мекенге газ құбыры тартылды. Тек желтоқсанның соңғы онкүндігінде жеті ауыл тұрғындары осындай игілікке ие болды. Олардың қатарында Байғанин ауданының Қаражар, Оймауыт ауылдары, Шалқар ауданының Алабас, Бершүгір және Сарысай ауылдары, Мәртөк ауданының Аққайың және Покровка елді мекендері бар, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде үйлі болуды бес жыл күткен үлескерлерге пәтер берілді
Ақтөбеде бес жылдан бері көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қаржы салған 58 үлескердің шешілмей келе жатқан дауына нүкте қойылды. Тәуелсіздік мерекесінде облыс орталығындағы «Алтын орда» шағын ауданында ұзаққа созылған нысан «Exclusive» тұрғын үй кешенінде тұрғындарға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 15 Желтоқсан, 2025
Парижде «Қобыланды батыр» эпосы сахналанды
Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртістері Францияға гастрольдік сапармен барып, Парижде «Қобыланды батыр» қойылымын сахналады. Хореографиялық элементтермен, ерекше көз тартарлық костюмдермен, домбыра мен қобыздың дауысымен көркемделген қойылым көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов пен Франциядағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова қойылымға арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Шалқар ауданында екі медициналық мекеме салынды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округіне қарасты Сарысай ауылында және Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу ауылында екі дәрігерлік пункт ашылды. Емдеу мекемелері «Ауылда денсаулықты сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асты және облыстық бюджет пен қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 есірткі жарнамасы анықталып, осы іс бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ маскүнемдер мен нашақорлардың бірігіп, есірткі қабылдап, ішімдік ішуіне үй-жайларын берген екі пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.