Күлсім Шоқпарованың айтуынша, осы учаскеде 3 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Таңғы сағат 7:00 мен 7:30-дың арасында 40 адам дауыс беріп үлгерген.
Айта кету керек, Ақтөбе облысындағы 528 референдум учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмысын бастады. Өңірде дауыс беру заңнамасына сәйкес 577 053 азамат дауыс беру құқығына ие. Осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.
