Фотогалерея • 23 Қазан, 2021
Алтай – Өскемен арасы, мінезді асу, қарашы
Кеше ғана суретшінің палитрасындай сан түрге боялып тұрған Шығыстың табиғаты жүдеңкі... Алмағайып бұл мезгілде жолға шығудың өзі қызық. Қызық әрі қауіпті. Бір асуда қар бұрқасындатып тұрса, қозы көш жерде қою тұман көзді байлайды. Саусақ ұшы көрінбес тұманды «фарымен» тесіп, көліктер қайшыласады.
Оқиға • 22 Қазан, 2021
Ұлттық парк құрылғалы түз тағыларының саны артқан. Әдетте етекке түспейтін аңдар ауыл ішіне кіріп кететінді шығарды. Кеше де Катонқарағай ауылында тұрғындар қоңырдың қонжығын көрген. Өткенде ғана тайыншадай аю емін-еркін ауыл іргесінде жайылып жүргенін естігенбіз.
Аймақтар • 20 Қазан, 2021
Қалаларды қалың тұман басып тұр
Төртінші күн Өскемен, Семей, Риддер қалаларын қалың тұман басып тұр. Қол созым жер көрінбейді. Тұманды күндерді пайдаланып, зауыттардың түтіні ауаға зиянды қалдықтарды мөлшерден тыс шығарып жатқан жоқ па? Бұл – көптің көңіліндегі сұрақ.
Спорт • 20 Қазан, 2021
Паралимпиадалық спорт түрі бойынша үйірме ашылды
Шығыс Қазақстанда мүгедек балаларға арналған паралимпиадалық спорт үйірмесі ашылды. Өскеменде тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар енді паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі – боччамен айналыса алады.
Әдебиет • 19 Қазан, 2021
Архат пен Құндызды ауылына болыстық еткен Әбен қажы ұлды боларын түсінде көріп, «балам тар заманда өмір сүреді, алайда ақыл-парасаты биік тұлға болады» деп жорыпты. Көреген кісі ғой. 1901 жылдың көктемінде Құндызды ауылындағы Әбеннің Ақтасы деген жерде сәби іңгәсі естіледі. Әкесі құдайға шүкір етіп, есімін Мұхамедшүкір қояды. Айтқанындай, Шәкір ақын – алмағайып заманда жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған тұлға еді.
Аймақтар • 19 Қазан, 2021
Құты құшақтаған қала тұрғындары бал жәрмеңкесінен балпаң басып қайтып бара жатты. Күздің мизам шуақ күнінде Өскеменге аудандардан ат арытып келген омарташылар өз өнімдерін қолжетімді бағада ұсынды.
Спорт • 14 Қазан, 2021
Президент алтайлықтарға атақ беруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорт министріне «Алтай» волейбол клубының спортшыларын спорттық атақ беруді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қазан, 2021
Өскеменде ЖОО-ға түсіру үшін ақша алған алаяқ ұсталды
30 қыркүйекте Үлбі полиция бөлімінің 102 жедел арнасына қала тұрғыны хабарласып, 2021 жылдың 28 қыркүйегінде парақорлық оқиғасы орын алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қазан, 2021
Ескекаяқты құстардың қатарына жататын бұл бірқазан әдетте Балқаштың жағалауында кездеседі екен. Маңайында көл түгіл, көлшігі жоқ Белоусовка ауылына қайдан келгені белгісіз.
Коронавирус • 12 Қазан, 2021
Аурухана төсегі жеткілікті ме?
Елге індет енгелі денсаулық сақтау саласынан ақсау да байқадық, серпілісті де көрдік. Ковидті жеңу үшін бөлінген қаржыны бөліске сала алмай, берекесі қашқан ақ халаттылардың да бітіспес дауын біліп отырмыз. Иә, бетперде тағуды үйренгенімізбен, адами «бетперделер» шешіліп қалып жатты. Бұл бір бөлек тақырып... Ал медицинадағы серпіліс деп отырғанымыз, облыс орталығындағы ауруханалардың бірқатары жөндеуден өтіп, төсектік орындар саны артты. Жаңа құрылғылармен, жедел жәрдем көліктерімен қамтылды. Бірақ ауруханаға ауырып барған пациенттерге орын жоқ көрінеді. Бұл мәселе әлеуметтік желіде көтеріліп, журналистер қауымының назарын аударған.