Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2021

Алтай үздіктері анықталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жыл сайынғы жастар форумы өтті. Форумда аудан жастарының арасынан шыққан үздіктері марапатталды, деп жазады Egemen.kz.

Алтай үздіктері анықталды

Алтай ауданынында алғыр да білімді, дарынды да талантты жастар көп. Бүгінгі форумда ауданның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға лайықты үлес қосқан үміткерлердің есімдері аталды. Әрқайсысын аудан әкімі Жанна Асқарқызы құттықтап, жылы лебізін білдірді.  

«Жылдың жастар көшбасшысы» номинациясымен оқу үздігі, Мәскеудегі Кремльдегі халықаралық қайырымдылық кадет балының қатысушысы Дарья Токарева марапатталды.

«Жылдың жас кеншісі» номинациясы машинист, волонтер, жастар кеңесінің мүшесі Қанат Қашқымбаевқа бұйырды. Ал «жылдың жас медицина қызметкері» номинациясы Роман Тлеуленовке, «жылдың жас педагогы» Әділжан Қадылбековке берілді. Жыл көлемінде құқық қорғау қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ. «Жылдың жас полицейі» номинациясына Алтай ауданы полиция бөлімінің кинологиялық қызмет тобының кіші инспекторы, кіші полиция сержанты Сергей Куцев лайықты деп табылды.

Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер», «Жас шығармашылық қызметкер», «Жылдың жас еріктісі», «Жылдың жас құтқарушысы» «Жылдың жас спортшысы», «Жылдың Студенттік көшбасшысы» сынды номинация иелері де марапатталды.

Ауданда абыройлы марапатқа ие болып жатқан жас үздіктер аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025