Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1070 материал табылды

Аймақтар • 18 Сәуір, 2025

ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды

Көктемгі уылдырық шашу кезеңінде еліміздің бірқатар су айдындарында, соның ішінде Шығыс Қазақстан өңірінде балық аулауға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2025

Шемонаихада көпқабатты үйлерге газ беру уақытша тоқтатылады

Шемонаиха қаласында 1-мамырдан бастап 37 көпқабатты тұрғын үйде газбен жабдықтау жүйесін тоқтату жоспарланып отыр. Бұл жағдай 1040 пәтерге кері әсер етеді. Тоқтатпасқа амал жоқ. Газ жеткізу жүйесінің жабдықтары әбден тозған, деп жазады Egemen.kz. 

Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Катонқарағайда тас жолдың талқаны шықты

Катонқарағай ауданында әуежай құрылысы басталғалы ауыр жүк көліктері Өскемен – Рахман қайнары бағытындағы күре жолдың Кіші Нарын – Өрнек арасындағы бөлігін бүлдіріп тастады. Осы уақытқа дейін сызат түспеген асфальт опырылып кеткен. Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтып, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Алтайда алты ГЭС салынады

Бұқтырманың арнасы алдағы уақытта қуат көзіне айналуы әбден мүмкін. Шығыс Қазақстанда 2030 жылға дейін алты бірдей шағын гидроэлектростанция салу жоспарда тұр. Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 12 Сәуір, 2025

Егемен көтерген мәселе: Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп ашылды

Бүгін Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа қазақ мектебі ашылды. Салтанаттты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2025

Ардагер фототілшінің көрмесі өтті

Марқакөл ауданы, Қазақстан ауылының тумасы, ардагер фототілші Қалиғұмар Қабдешевтың 85 жасқа толу мерейтойына орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрмесі өтіп,«Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты кітабының тұсауы кесілді. Салтанатты шараға айтулы азаматтармен қатар жас журналистер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тағайындау • 07 Сәуір, 2025

Өскеменнің бұрынғы әкімі жауапты қызметке тағайындалды

Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2025

ШҚО-да 16 адам қос азаматтық алған

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтардың екі елдің төлқұжатын иелену фактілерін анықтады. Жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына хабарламаған 16 адам анықталып, олардың екеуі елден шығарылды.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2025

ШҚО-да қарғын судың алдын алу жұмыстары жіті бақылауда

Көктемгі қар суы қауіп төндіреді-ау деген аймақтарда алдын алу жұмыстары күшейтіліп, тиісті мамандардың бақылауына алынған. Өзендерде мұздар жарылып, бұлақ көздері тазартылып жатыр.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2025

Өскемен жаңа жұмыс кестесіне көшті

Қала әкімінің орынбасары Ирина Смит 2025 жылдың 20 наурызынан бастап, қалада мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар үшін жаңа жұмыс кестесі күшіне енетінін атап өтті.