
Спорт • 02 Тамыз, 2021
Нұрлан АҚҮРПЕКОВ, Әбілхан Аманқұлдың жеке бапкері: Жанкүйерлерден кешірім сұраймын
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Әбілхан Аманқұлдың жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков шәкіртінің жеңілісінен соң шағын сұхбат беріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады.
TOKYO2020 • 01 Тамыз, 2021
Жеңілістен көз ашпай келеміз...
Токио төрінен алтын медаль, тіпті күміс медаль қоржынымызға қашан түседі деп жүргенде халқының саны 33 мыңнан сәл ғана асатын Сан-Марино елінің спортшылары 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Олимпиадаға бес-ақ спортшысымен келген санмаринолықтар үшін бұл – үлкен жетістік. Ал 97 спортшысымен келген біздің құрама үшін ойланатын мәселе. Сенген спортшыларымыз жарысты ерте аяқтап жатыр.
TOKYO2020 • 01 Тамыз, 2021
Токио-2020: Ел үміті ақталса игі еді...
«Жүзден жүйрік шығады» деген халқымыздың үмітін үкілеп, Олимпиадаға қосқан жүзге жуық спортшымыздың арасынан әзірге Қазақ елінің Әнұранын шырқататын бір жүйріктің табылмай тұрғаны қазақстандықтардың жанына қатты батып, үмітіміз үзілуге шақ тұрғанын қалай жасырайық?! Сенім артқан спортшыларымыздың дені неліктен алғашқы сындарда-ақ сүрініп жатыр? Сұрақ көп, бірақ әзірге қисынды жауабы жоқ.
TOKYO2020 • 31 Шілде, 2021
Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты
Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Миладтың медалі қандай болады?
Спорттық гимнастикадан жалғыз өзі жеті жолдама жеңіп алған Милад Карими Олимпиаданың іріктеу сынында үш жаттығу бойынша финалға өткен болатын. Бұрнағы күні көпсайыстың ақтық сайысында сынға түскенімен, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасына жолдама алған қазақстандық атлеттердің арасында Ольга Рыпакованың шоқтығы биік. Оны қалың оқырманға таныстырудың қажеті шамалы. Бұған дейін қатысқан Олимпиадаларда алтын (Лондон-2012), күміс (Бейжің-2008) және қола (Рио-2016) медаль еншілеген Ольга төртінші додадасына да жүлде алу үшін келгені анық.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Төрт боксшымыз алғашқы жекпе-жегінде-ақ жеңіліп, жер шұқып қалған едік. Бүгін еңсеміз қайта тіктеліп, енді төрт боксшының тілеуін тілеп отырған жайымыз бар. Кеше Қазақстан құрамасының көшбасшылары Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев кеткен есені қайтаратындай қалыпта өнер көрсетті.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Тоқтарбек ТАҢАТҚАН: Әбілханға сәттілік жолдас болсын
Токионың төріндегі рингте екі қазақ бір-бірімен кездесуі мүмкін еді. Егер де 75 кило салмақта Қытайдың атынан шыққан Тоқтарбек Таңатқан бразилиялық боксшы Эберт Консейсан Соузадан басым түскенде. Қазақ баласының бір-біріне жұдырық жұмсауын Жаратушымыз құп көрмеген екен. Тоқтарбек әлем чемпионатының қола жүлдегерінен 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Жекпе-жектен кейін қандасымызды сөзге тартқан болатынбыз.
Спорт • 28 Шілде, 2021
Жеңіске сан емес, сапа жетелейді
Гәп санда емес, сапада екеніне Токио төрінде әбден көзіміз жетті. Екі миллионға жетер-жетпес халқы бар Косовоның спортшылары төрт күннің ішінде Олимпиаданың 2 алтын медалін алып, елінің әнұранын асқақтата шырқатты. Ал бар болғаны 9 спортшымен Олимпиада қалашығына ат басын тіреген түрікмендік спортшылардың ішінен зілтемірші Полина Гурьева күміс медаль иеленді. Ал 90-нан аса спортшымен Токиоға барған Қазақстанның еншісінде 3 қола ғана бар...
Спорт • 28 Шілде, 2021
Олимпиада шығыны – 822 млрд доллар
Кансай университеті ойындарды көрерменсіз өткізу туралы шешімге байланысты Жапонияға келген шығындарды есептеді.